Қазақстан кәсіпкерлері Қытайдан миллиардтаған қаражат жоғалтуда

4 октября 2021 года

Қытаймен шекарада қалып қойған вагондардың иелері миллиардтаған теңгеден айырылды. Мұндай деректерді кәсіпкерлер ұсынды дедi LS-ке "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірханов.

"Бизнес өкілдері 8 млрд теңгеге жуық вагон иелерінің шығыны туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, импорттаушылар мен жүк алушылардың шығыны 170 млрд теңгеге дейін жетеді", - деп атап өтті ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, "Ақ жол" партиясының депутаттары 170 млрд теңге туралы хабарлаған болатын.

"Қазақстандық жүктерді қабылдаудың нашарлауына байланысты ірі тау-кен металлургия компаниялары іс жүзінде 3 566 211 тонна немесе ҚХР-ға өнім экспорты бойынша тиеу жоспарының 77% (4 624 011 тонна) тасымалдады. Жоғалған табыс шамамен 142 млрд теңгені құрады", - деп еске салды Темірханов.

 Бұл ретте қазақстандық кәсіпкерлер контрагенттер тарапынан айыппұл санкцияларынан аулақ бола алады. Спикердің айтуынша, бұл үшін Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ҰКП мен мемлекеттік органдардың хаттары негізінде форс-мажор туралы куәлік береді. Сонымен қатар, бұл кәсіпкерлер жосықсыз жеткізушілер тізіміне енбейдi.

"2020 жылы форс-мажор туралы 33 куәлік берілді, бұл 102 млн теңге сомаға бизнестің мүдделерін қорғауға мүмкіндік берді. Ал қаңтар-тамыз айларында 2,2 млрд теңге сомаға бизнестің мүдделері қорғалды", - деп түсіндірді Темірханов.

Ол, сондай-ақ, Қытай тарапы Еуропа елдеріне Қазақстан арқылы транзитпен жөнелтуді ғана қамтамасыз ететін жағдайға түсініктеме берді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.