Қазақстандық тауарлар Қытайға жөнелтілмейді: экспорттаушылар үкіметтен көмек сұрап отыр

Қазақстан темір жолында 12 мың жүк тиелген вагон кезекте тұр        

10 марта 2021 года

Қазақстандық экспорттаушылар үкіметтен қытай шекарасындағы жүктерге қатысты жағдайды шешуге көмек көрсетуді сұрайды. Олар LS-ке өздерінің қиындықтары мен шығындары туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР пандемияға байланысты қазақстандық жүктер үшін шекараны біржақты тәртіппен жапты. Бұл ретте ақпан айында тасымалдау жоспары тек 76%-ға, 2021 жылдың екі айында – 74%-ға орындалған.

Алайда, Қытайдан шыққан кезде жағдай мүлдем өзгеше. "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" деректері бойынша, ақпан айында Қазақстан жоспардан 10%-ға жоғары жүк қабылдаған, екі айда бұл көрсеткіш жоспарға қарағанда 4%-ға, өткен жылға қарағанда 68%-ға өсті.

Бүгінгі таңда Қытай тарапынан енгізілген антибейінді шаралардың салдарынан Қазақстан темір жолында "Достық" станциясы бағытында 12 мың жүк тиелген вагон жиналып қалды. Коллапсты болдырмау үшін "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" ҚХР бағытында 1-31 наурыз аралығында жүк транзитіне, 1-15 наурыз аралығында контейнерлік жүктерден басқа барлық жүктерді тиеуге, 2021 жылғы 1-20 наурыз аралығында жабық вагондарда астық жүктерін тасымалдауға тыйым салды.

LS-ке "Астық Транс" компаниясының бірінші вице-президентінің кеңесшісі Бауыржан Шәкіров жағдай туралы өз пікірін білдірді.

"Біз көлік шығындарына тап болдық және бізді алаңдататып отырғаны тоқтап тұрған шекарадағы тауар сапасы. Азық-түлік бидайының жабық вагондағы сөмкеде ұзақ уақыт болуы, көктемгі ауа-райының өзгеруіне байланысты жүк сапасының бұзылуына әкелуі мүмкін. Менің ойымша, Қытай тарапымен кездесіп, оларды біздің жүктерімізді тез арада түсіріп және вагондарымызды қайтаруға мүмкіндік беретін шара қолдану керек. Егер біз ҚХР нарығынан айырылғымыз келмесе, онда барлығына жұмыс істеу керек: сыртқы істер, сауда және интеграция министрлігі, басқа да мүдделі құрылымдарға қосылу керек. Ал бүгінгі таңда бұл мәселеге ҚТЖ-дан басқа ешкім мән бермейді деген пікір қалыптасып отыр", - деді ол.

Шәкіров қазір ҚХР жүктерді, әсіресе жабық вагондардағы бидайды неге қабылдамауының себептері көрсетілген ресми құжаттарды ешкім көрсете алмайтынын айтты.

"Біз қытайлық серіктес COFCO-дан ҚХР-дағы жағдайға қызығушылық таныттық, бірақ ұйым қандай да бір себептермен өз билігіне түсініктеме сұрай алмады. Сондықтан біз шарасыз күйде қалдық. Егер бәрі COVID-19-дан қорғау шаралары туралы болса, онда мәселенің шешімі бар. Вагондарға санитарлық өңдеу жүргізіп және сол арқылы пойыздарды өткізу уақытын жеделдету үшін ҚР аумағында дезинфекциялық станция орнату ниетіміз бар", – деп түсіндірді ол.

Өз кезегінде GREEN GOLD SKO бас директоры Қанат Баймұхамбетов компанияның ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтынын және өткен жылы алғаш рет осындай проблемаға тап болғанын атап өтті.

"Қазір біздің вагондарымыздың бір бөлігі ҚХР шекарасында тұр, екінші жартысы Қазақстанның түрлі станцияларында жинақталған. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап біз бірде-бір вагон жіберген жоқпыз. Жергілікті атқарушы органдарға, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрлігіне жүгіндік – ешқандай қолдау шаралары көрсетілмей жатыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты егіс науқанын тоқтату алдында тұрмыз, өйткені біз шаруалармен тікелей жұмыс істейміз. Біз олардан тауарды қарызға аламыз: ақшаның бір бөлігін дереу төлейміз, ал қалғанын шекараға жеткізгеннен кейін төлейміз. Бүгін біз егін егуге дайындала алмай отырған фермерлерге не төлейтінімізді білмейміз", - деді ол.

Экспорттаушының айтуынша, шаруалар өз өнімдерін елде сата алмайды, өйткені ішкі нарық оны қабылдауға дайын емес. Мысалы, зығыр тұқымдары Қазақстанда сұранысқа ие емес, олар толығымен экспортқа шығады.

"Бес жыл ішінде Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті: үшінші жыл қатарынан зығыр өсіру көлемі бойынша бірінші орын алып отырмыз. Қытай нарығына шығып, Канаданы ығыстырды. Бүгінде біздің шаруалар қоймаларда жатқан тауарларын сата алмайды. Сонымен қатар, шекарада тұрған жүк нашарлай бастайды, жолда сіз екі айдан астам уақыт бойы тауарларды ұстай алмайсыз. Көктемнің басталуы оның сапасына теріс әсер етуі мүмкін. ҚХР-дағы сатып алушы тауарды мәлімделген сапаға сәйкес келмейтіні үшін қайтара алады деген қауіп бар. Көптеген сауда компаниялары банкротқа ұшырауы мүмкін", - деді ол.

Баймұханов мәселенің шешімін мемлекет басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерден көреді.

Қазақстан премьер-министрі деңгейінде жұмыс тобын құру қажет. Қазақстаннан Қытайға кіретін әрбір вагонға COVID-19 жоқ екендігі туралы қорытынды алуға шығындарды өз мойнымызға алуға дайынбыз", - деді ол.

Сонымен қатар, қалыптасқан жағдай туралы азық-түлік келісімшарт корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату департаментінің директоры Рустам Жанатаев өз пікірімен бөлісті.

"Қытай біз үшін үлкен нарық, сондықтан оған ұмтылу керек. Ал ол үшін контейнерлік тасымалдарды дамыту, астықты контейнерлерге тиеуі үшін элеваторларды қажетті жабдықпен жарақтандыру қажет. Қазір элеваторлардың көпшілігінде мұндай техникалық мүмкіндіктер жоқ. Сонымен бірге бұл мәселені Қытаймен де пысықтау керек. Мысалы, біздің негізгі астық сатып алушымыз қытайлық COFCO мемлекеттік компаниясы астықты тек жабық вагондар мен қаптарда қабылдайды. Талаптарды өзгерту қажет. Егер біз аспан асты еліне экспортты ұлғайтқымыз келсе, онда бізге Қытай аумағында астық терминалы қажет. Оны құру идеясы біз үшін өте тиімді болар еді", - деп есептейді ол.

"Транко" көлік-логистикалық компаниясы бас директорының орынбасары Сергей Анашкиннің айтуынша, Қазақстан мен ҚТЖ мемлекеттік мекемелері 2020 жылдың маусымынан бастап қытай тарапынан шекарада карантиндік шараларды күшейту туралы ресми өтініш алған жоқ.

"Қазір ҚХР тасымалдау жоспарларын келісуде, бұл оның жүкті қабылдау ниетін білдіреді, бірақ технологиялық тұрғыдан мәселе шешілмей тұр. Мұндай сәтсіздік болған кезде логистикалық тізбек алдын-ала болжанбайды, сауда жобаларын қайта қарау, жеткізу мерзімі, тасымалдау шарттары мен бағыттарын таңдау бойынша жедел шешім қажет. "Атамекен" ҰКП, бейінді қауымдастықтар тарапынан қолдау бар, бірақ бұл мәселе Қазақстан мен Қытайдың үкіметаралық деңгейінде шешуді бұрыннан талап етіп келеді. Мұны бірлескен сауда ағындарына қызмет көрсету үшін "жұмсақ инфрақұрылымды" бірлесіп қалыптастыру тұрғысынан жасау керек", - деді ол.

Мамандандырылған мемлекеттік қызметтерді ұсынудағы жұмсақ инфрақұрылымның мәні, ол- пандемия жағдайында сауда ағындарын қамтамасыз ету үшін реттеуші сипаттағы және Қазақстан мен Қытайдың уәкілетті органдарының мемлекетаралық ынтымақтастығындағы жедел өзара іс-қимылы, деп түсіндірді Анашкин.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін жүктерді жылжыту бөлігіндегі осы мәселелерді Қазақстанның темір жолына жатқызады, бірақ ҚТЖ тек тасымалды орындаушы рөлінде ғана әрекет етеді. Ал шектеулер мен тыйымдар және қалыптасқан проблеманы шешудегі халықаралық ынтымақтастықты Қазақстанның құзыретті мемлекеттік органдары шешуі тиіс.

"Әрбір министрлік – денсаулық сақтау, сауда, ауыл шаруашылығы – қытайлық әріптестерімен жағдайдың деңгейін анықтап, барлық карантиндік шараларды қамтитын шешімдер қабылдауы керек. ҚХР-мен бірлесіп регламенттерді бекітсін, пандемия кезеңіндегі жұмыс шарттары мен тасымалдау ережелерін талқыласын, санитарлық бақылауды бір ізді қылсын. Бизнес карантин жағдайында, белгіленген ережелер бойынша жұмыс істеуге, сауда мен тасымалдауды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік беретін осы іс-шараларға қосымша шығындарды көтеруге дайын", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін LS Қытаймен шекарада қандай қазақстандық тауарлар қалып қойғаны туралы жазған болатын. Сондай-ақ, "ҚТЖ-Жүк тасымалдарына" клиенттерді тасымалдау және оларға қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді орындамау бөлігінде 6 мың шағым түскені хабарланды. Ал ИИДМ-де ҚТЖ келіп түскен хаттар бойынша Қытай теміржол әкімшілігіне жеделхат жолдайды деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қытаймен шекарада карантиндік шараларға байланысты жүк көліктері мен вагондар арасында кезек пайда болды. ҰКП мәліметтері бойынша, бұл шектеулер жазға дейін әлсіремейді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.