Біз шынайы өмірге дайын емеспіз – Әбдіразақов

Бизнесмен сондай-ақ тұрақты мемлекеттік қолдау туралы айтты

20 мая 2021 года

Қазақстан экономикаға қажетті кадрларды даярлап үлгермейді. Centras басшысы Ельдар Әбдіразақов LS-пен әңгіме барысында осындай пікір айтты.

Ол CFO Summit 2021 аясында Қазақстанда білімді мамандар құруға жағдай жасалғанымен, олардың нәтижесінде қандай болу керектігі ескерілмегенін айтты. Оның пікірінше, маманға қойылатын талаптар үнемі өзгеріске ұшырайды.

"Қазақстанда маманға қойылатын талаптар балаға DATA, цифрландыру, сыни ойлау қабілеті және т. б. саласындағы білімді бергенге дейін тез жылдамдықпен қойылады. Мәселен, мектептерде негізгі бейім қалыптасатыны белгілі, бірақ аналитика нашар дамыйды. Біз математиканы үйренеміз, бірақ сыни ойлауды игермейміз. Ағылшын тілі тіптен артта қалуда. Бүгінде барлық ақпарат қол жетімді, бүкіл сыныпқа бір оқулық болса да ешқандай проблема жоқ. Ғаламтор ағылшын тіліндегі курстар мен ақпаратқа толы, сіз тез аударып, оқушыларға ақпаратты өз бетінше пайдалануға үйретуіңіз керек", – деді ол.

Әбдіразақов сонымен қатар, Қазақстанда білім беру жүйесінің құрылымын трансформациялау қажет екенін айтты. Неғұрлым бейімделгіш мамандарды даярлау үшін жүйені өзгерту керек деп санайды ол.

"Пандемия кезінде қашықтықтан білім алуға көшу болашақ мамандардың құзыреттілігіне айтарлықтай әсер етпейді. Алайда, бастауыш сыныптарға әсері мол. Орта сыныптарда бала материалмен өз бетінше айналысуды үйрене бастаса, үлкен сыныптарда өздігінен үйренуі тиіс. Біз көптеген жылдар бойы өзгермеген кеңестік білім, өкінішке орай, оқулықтан жақсы білетінімізге әкелді. Алайда, шынайы өмірде біз көп нәрселерге дайын емеспіз. Сондықтан, өздігінен білім алу жүйесіне көшу маңызды. Қашықтан оқыту осыған көп көмектесе алады, бастысы – оған жағдай жасау. Бұл өмір сүрудің жаңа стандарттары", - деді LS сұхбатшысы.

Компания басшысы сондай-ақ, дүниежүзілік банктің болжамына сын көзбен қарап, оған сәйкес Қазақстанда қашықтықтан оқытудың төрт айы (2020 жылғы наурыз-маусым) бүгінгі жастар табысын 2,9%-ға қысқартып, жалпы экономикалық шығындарға жыл сайын $1,9 млрд-қа дейін әкелуі мүмкін екенін жеткізді.

Әбдіразақовтың айтуынша, Қазақстанда жұмысқа деген қызығушылықтың төмендеуі үлкен проблема болып табылады.

"Біз бәрібір мамандарды қайта оқытамыз, себебі университеттік білімнің тек 10%-ы ғана жұмыста қолданылады. Бұл іс-әрекеттің ерекшелігі білімге қарағанда тезірек өзгеретіндігіне байланысты. Алайда қызметкерлер күш салғысы келмейді, олардың тәртібі мен ұжымда жұмыс істей білуі мен жалпы бейімделу қабілеті әлсіз", - деп шағымданды компания басшысы.

Ол білім беру жүйесі жұмысқа деген қарым-қатынасты, қоғам мен алдағы өзгерістерге, отбасылық құндылықтарды және т.б. тәрбиелеуге көп көңіл бөлуі керек деп қосты.

Осы ретте, ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов пандемия кезінде білім деңгейінің төмендеуі Азия өңірінің экономикасын $1 трлн мөлшерінде жоғалтуға әкелуі мүмкін екенін атап өткен болатын. Алайда, ол Қазақстанның шығындарына баға беруден бас тартты.

LS-пен әңгімесін жалғастыра отырып, Әбдіразақов кадрлардың елден кетуі тақырыбын да қозғады. Оның пікірінше, біліктілігі жоғары мамандар үлкен мүмкіндіктері бар елдерге көшетін табиғи процесс.

"Қазақстанда мамандарды қалай ұстау керектігі емес, таланттар үшін магнит болу мәселесі тұр. Қазақстанда даму мүмкіндіктері көбірек болуы және елдің тартымдылығы өсуі үшін жылдам өсу мен даму алаңдардарын құруымыз керек", - деп атап өтті LS сұхбаттасушысы.

Ол қазіргі уақытта кадрлардың кетуінің негізгі себебі олардың отандық экономика үшін сұраныста жоқтығын айтты.

"Экономиканың кемелдену деңгейін арттыру керек. Ең алдымен, жеке секторды дамыту керек, себебі әлемде агрессивті өсім жүріп жатыр, орта көлемдегі компаниялар елдер экономикасының драйверлері болып табылады", - деп түсіндірді Әбдіразақов.

Экономиканың өсуі туралы айта отырып, LS сұхбаттасушысы 2021 жылы күтілетін 3,2% және одан да көп өсуді болжады. Алайда, дағдарыстың кейінге қалдырылған әсері, оның айтуынша, биылғы жылы байқалуы мүмкін.

"Биыл адамдар өз шығындарын қысқартты, өйткені пандемия жағдайындада қанша уақыт осындай жұмыс барысының жалғасуы белгісіз. Қызмет көрсету секторы қатты зардап шекті. Мұның бәрі қазақстандықтардың болашаққа деген сенімділігі болмай, үнемдей бастауына алып келеді. Сонымен қатар, қорлар мен резервтер өткен жылы таусылды, сондықтан компаниялар мен тұтынушылар да үнемдейді", - деді компания басшысы.

Бизнесмен Қазақстандықтарға өз қаражаттарына өмір сүруді үйрену қажет екенін қосты.Себебі мемлекет тарапынан көмек тек шұғыл жағдайда ғана ұсынылуы мүмкін.

"Біз әлеуметтік сақтандыру институттарын құрып, пандемияның 10 жылда бір рет қайталануына дайын болуымыз керектігін айтқым келіп отыр. Мемлекет төтенше жағдайларда көмектесуі керек. Шағын және орта бизнеске үнемі көмектесу мүмкін емес, себебі бұл біздің қалыпты нарықтық экономика жасай алмауымызға әкеледі. Әр жолы түрлі ауыртпалық туындауы мүмкін. Осы ретте бізге қалыпты индустриялық саясат құру қиынға соғады", - деп түсіндірді Әбдіразақов.

Оның пікірінше, қаржылық қолдау жылы осымен тәмам. Енді мәселе жаңа өсуді ынталандыру үшін көмек мәселесін қайта қарап, саралау керек.

"Мен компанияларға емес, адамдарға көмектесуді жақтаймын", - деп түйіндеді Әбдіразақов.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.