Халықтың жаппай несиеде отыруы әлеуметтік шиеленісті күшейтіп, Қазақстандағы дағдарысты ушықтыруы мүмкін. Мұндай пікірді кәсіпкерлер құқығы жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов білдірді, деп хабарлайды LS.
Оның айтуынша, қазақстандықтар табысы төмендеп жатыр.
"Егер 2019-2020 жылдары респонденттердің шамамен 65%-ында азық-түліктен басқа, тұрмыстық техниканы сатып алуға жеткілікті қаражат бар болатын. Қазір біз 35%- ға жуық қаражат тек азық-түлік сатып алуға жеткілікті екенін көріп отырмыз", - деді CFO Summit 2021 панельдік пікірталасында сөйлеген сөзінде Жүрсінов "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының деректеріне сүйене отырып.
Ол жеке тұлғаларға несие берудің жалпы үлесінде шамамен 58%-ы тұтынушылық үлеске тиесілі екенін жеткізді. Бұл ретте көрсеткіш жыл санап өсіп жатыр.
"Қаржы мониторингі агенттігі мен Ұлттық банк қарыздарды қайта қарап, есептен шығару бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіп отырғаны түсінікті. Алайда, жағдай алаңдатарлық, себебі алдағы бір-екі жылда келетін дағдарыстың ауылы алыс емес", - деді Жүрсінов.
Оның пікірінше, бұл мәселені шешуге жеке тұлғалар мәселесі бойынша бір заңмен шектелмей, тереңірек қарау керек, әйтпесе әлеуметтік шиеленіс артуы мүмкін.
Оның ішінде әлеуметтік әл-ауқат мәселесін егжей-тегжейлі қарастыру қажет. Жүрсінов Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек шығындардан қалыптасатынын, ал ЭЫДҰ-ның көптеген елдерінде, соның ішінде Ресейде халықтың табысына қарай қалыптасатынын атап өтті.
Сонымен қатар, спикер бизнестің ағымдағы шығындарын да атап өтті. Оның айтуынша, 1,3 млн кәсіпкердің 830 мыңнан астамы дағдарысқа тап болған: бөлшек сауда табыстың 40-45%-ын, қоғамдық тамақтану 53%-дан астамын, көлік және логистика 37%өын жоғалтты.
"Пандемия кезеңінде кеңсемізге қандай да бір мемлекеттік мекемелердің әрекетіне қатысты 5,7 мың шағым алды. Әрбір үшіншісі пандемиямен байланысты", - деді Жүрсінов және бұл мәселелер мемлекеттік мекемелермен онлайн-режимде өңделгенін айтты.
Бизнес несиелері туралы айта келе, сарапшы 1,3 млн кәсіпкердің 25 мыңы ғана банктік қызметке жүгінетінін атап өтті. Ол қазақстандық кәсіпкерлерді қаржы құралдарын пайдалануға үйрету керектігін айтты.
Ол бастауыш кәсіпкерлер "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша осындай оқудан өтіп жатқанына назар аударды. Алайда, шамамен 25 мың кәсіпкер оқудан өткеніне қарамастан, қорландыру 30%-дан аспайтын мөлшерде берілді.
"Адамдарда осы ретте осының барлығы не үшін қажет деген сұрақ туындауы мүмкін. Міне, осы сәйкессіздіктерді даму институттарының қолдауымен шешу керек. Егер адам оқып, жобаны қорғаса, оған қаражат керек. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша несиелер арасында улы қарыздар үлесі тек 3-4%", - деп түйіндеді ол.
CFO Summit – бұл жыл сайын 500-ден астам қатысушыларды, оның ішінде отандық компаниялар мен халықаралық корпорациялардың топ-менеджерлерін, үкімет мүшелерін, саясаткерлерді, мемлекеттік органдар мен реттеушілер өкілдерін, тәуелсіз сарапшылар мен БАҚ-ты жинайтын кәсіби алаң.