Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 2,6 трлн теңгені қандай мақсаттарға алды

880 мыңдай салымшының өтініші орындалды

13 января 2022 года

2021 жылы қазақстандықтар БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсатында шамамен 2,6 трлн теңге шешіп алынды, деп хабарлайды LS.

Зейнетақы қорында салымшылардың 880 мыңға жуық өтініші орындалғаны хабарланды. Жалпы сома 2,6 трлн теңгені құрады.

Мәселен, 2022 жылдың басындағы деректер бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 735,1 мыңнан астам өтініш мақұлданды. Қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2,5 трлн теңге аударылды. Бір жолғы төлемдердің орташа сомасы 3,4 млн теңгені құрады.

Өтініштердің басым бөлігі Алматы (17,7%), Нұр-Сұлтан (13,4%) және Маңғыстау облысының (12,2%) тұрғындары тарапынан жолданған.

"Өтініштердің көп бөлігі азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша (түпкілікті есеп айырысу) меншікке тұрғын үй сатып алуға бағытталған – 1,7 трлн теңгеге 344 074 өтініш орындалды (жалпы соманың 68%). Одан әрі ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеуге (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) – жалпы сомасы 181,3 млрд теңгеге 117 139 өтініш және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеуге – жалпы сомасы 119,7 млрд теңгеге 98 526 өтініш орындалды", - деп атап өтті БЖЗҚ-да.

Сонымен қатар, 320,4 млрд теңгеге жуық қаражат салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына қайтарылды, себебі қаражат өтініш берушінің өтінішімен және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап БЖЗҚ салымшыларына одан әрі Отбасы банкте жинақтау үшін депозитті толықтыру қолжетімді. 2022 жылдың қаңтар айының басында осы опция бойынша 48,1 млрд теңгеге 37 004 өтініш орындалды.

Сондай-ақ, желтоқсан айында қазақстандықтар жер телімін нысаналы мақсаты бар азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық (түпкілікті есеп айырысу) бойынша меншікке сатып алуға өз жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын иеленді. 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ 274 млн теңге сомасына жинақтарды пайдаланудың осы мақсаты бойынша 153 өтінішті орындады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ емделуге берілген 126,5 млрд теңгеден астам сомаға 139 857 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,9 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан ("Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ) 14,2 млрд теңге қайтарылды.

Басым бөлігі стоматологиялық қызметтерге бағытталды – 120,5 млрд теңгеге 130 304 өтініш (өтініштердің жалпы санының 93%-дан астамы). Бұдан әрі офтальмологиялық қызметтер – 2,9 млрд теңгеге 5 953 өтініш және орфандық ауруларды емдеу – 1 млрд теңгеге 1 112 өтініш.

Ал инвестициялық портфельді басқарушы ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 7,2 млрд теңге аударса, зейнетақы қоры 4 141 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,7 млн теңгені құрайды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.