Қазақстанда борышкерлерді жалғыз баспанасынан шығармау ұсынылды

Төрт жылда мыңнан астам кепілдік үйлер мен пәтерлер сатылды

11 ноября 2021 года
    

Қазақстанда борышкерлерді жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды LS.

Сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, кепілге қойылған жылжымайтын мүлікпен сауда жасау заңсыз мәмілелердің өсуіне алып келеді.

"Бұл банктер мен жеке сот орындаушыларына борышкерлердің мүлкін төмен бағамен, кейде шектеусіз мөлшерде сатып алуға мүмкіндік береді. Жекелеген жағдайларда бір адамға бірнеше пәтер сатып алынады. Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, 2016 жылдан бастап 2021 жылдың қазан айына дейін сот орындаушылары сауда-саттықта 1,4 мың жылжымайтын мүлік сатты, 464 борышкер өз үйлерін дербес сатса, 195 адам үйлернен шығарылған, оның ішінде 74% – жалғыз баспанасынан", - деді ол.

Бұл ретте, Бас прокуратураның жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының қызметін тексеру нәтижелері бойынша 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін банктер мүлікті электрондық сауда-саттықтың 78%-ында сатып алғаны анықталды, бұл ретте баға орта есеппен 30%-ға төмендетілді, деп қосты спикер.

"320 жағдайда онлайн-қатысуға өтінім беру банктерге тиесілі сол бір жергілікті желілік мекенжайлардан жүргізілді. 52 жағдайда сауда-саттықтың заңдылығын формальды түрде қамтамасыз ететін екінші қатысушылар да банктердің қызметкерлері болып табылды. Бір адам бірнеше пәтер сатып алған фактілер тіркелді", - деп жалғастырды депутат.

Оның ақпараты бойынша, 2021 жылғы 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін республиканың әкімшілік соттарына 7 мыңнан астам іс келіп түскен, оның ішінде 2,3 мыңы – жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне шағым жасау бойынша талап-арыз.

"Азаматтардың шағымдары жеке сот орындаушылардың қолданыстағы заңнама нормаларын, борышкердің құқықтарын бұзуына, сондай-ақ осы салада транспаренттілік пен тиісті мемлекеттік бақылаудың болмауына байланысты", - деп есептейді Сүлеймен.

Осыған байланысты ол қарыз алушы өзінің қаржылық жағдайын жақсартқанға дейін шарттың талаптарын орындамаған кезде банктік қарыз бойынша мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруды, тиісті жылға арналған инфляция деңгейін ескере отырып, кепілдік мүлікке бағалау жүргізу туралы мәселені шешуді, азаматтардың жалғыз тұрғын үйін өндіріп алуға тыйым салуды пысықтауды, жеке сот орындаушыларының қызметін мемлекеттік бақылау, олардың лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін күшейту жөнінде шаралар қабылдауды ұсынады.

Бұған дейін LS редакциясы тәуелсіздік жылдарында елдің несие нарығы қалай өзгергені туралы инфорграфика ұсынған болатын. Сондай-ақ, Қазақстанда несиелер бойынша мерзімі өткен берешек бір жыл ішінде 334 млрд теңгеге жуық қысқарғаны белгілі болды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.