Қазақстанда жұмыс бар, бірақ маман жетіспейді

сегодня

Қазақстанда бос жұмыс орындарының 30-40%-ы әлі күнге дейін бос тұр, деп хабарлайды LS.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов еңбек нарығындағы ахуалға тоқталып, елдегі бос жұмыс орындарының саны мен еңбек нарығындағы негізгі үрдістер туралы ақпарат беруді тапсырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, жыл басынан бері жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасына 845 мың бос жұмыс орнын жариялаған. Оның 432 мыңы жұмысшы мамандықтарына арналған.

"Жалпы, азаматтардың 60-70%-ы жұмысқа осы портал арқылы орналасады. Дегенмен бос жұмыс орындарының 30-40%-ына әлі де маман табылмай отыр. Осыған байланысты жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін уақытша тартуға мәжбүр. Жыл сайын елімізге еңбек ету үшін шамамен 300 мың шетел азаматы келеді",- деді министр.

Осыған байланысты премьер-министр елімізде қазіргі таңда шамамен 1 млн бос жұмыс орны бар деп түсінуге бола ма деп нақтылады.

"Демек, жұмыс істегісі келген кез келген адамға жұмыс табылады деген сөз бе?" - деп сұрады О. Бектенов.

Еңбек министрі бұл пікірді растады.

"Жұмыс тоқтап қалмауы үшін шетелден мыңдаған маманды тартуға мәжбүрміз. Солай ма?", - деп премьер-министр тағы да нақтылады.

Министр бұл сауалды да растады.

"Бұл мәселені халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Қазақстанда жұмыс жоқ деген түсінік қалыптаспауы керек. Өйткені елімізде мұндай мәселе жоқ", - деп қорытындылады үкімет басшысы.

Бұған дейін, алдағы жылдары Қазақстанда 1,8 млн маманға қажеттілік туындайтыны хабарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.