Қазақстанда жалға берілетін баспана бағасы күрт қымбаттады

сегодня

Қазақстанда тұрғын үй бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды LS.

2026 жылғы тамызда Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы бір шаршы метріне 625,4 мың теңгені құрады. Бір жыл ішінде баспана құны 13,1%-ға өскен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жаңа тұрғын үй бағасының ең жоғары жылдық өсімі Түркістанда тіркелді. Мұнда баға 16,7%-ға көтеріліп, шаршы метр құны 411,9 мың теңгеге жетті. Алматыда тұрғын үй 16,6%-ға, Астанада 15,9%-ға қымбаттаған. Осы қалаларда бір шаршы метрдің бағасы сәйкесінше 739,8 мың және 747,1 мың теңге болды.

Ақтөбеде жаңа тұрғын үйдің бағасы 15,1%-ға қымбаттап, 1 шаршы метрі 356,5 мың теңгеге жетті. Көкшетауда баға 12,5%-ға өсіп, 376,1 мың теңгені құрады.

Қалалардың ешбірінде тұрғын үй бағасының төмендегені тіркелмеді. Дегенмен Жезқазған мен Қызылордада жылдық өсім салыстырмалы түрде төмен. Аталған қалаларда баға сәйкесінше 1%-ға және 1,2%-ға өсті. Бұл ретте бір шаршы метрдің құны Жезқазғанда 473,2 мың теңге, Қызылордада 392,3 мың теңгені құрады.

Екінші нарықтағы тұрғын үй құны да бір жыл ішінде 9%-ға қымбаттады. Нәтижесінде Қазақстан бойынша оның орташа бағасы бір шаршы метріне 635,2 мың теңгеге жетті.

Баспана бағасы ең көп Көкшетауда өсті – 14,7%-ға, яғни 384,6 мың теңгеге дейін. Астанада өсім 11,5%-ды құрап, 740,4 мың теңгеге, Павлодарда 11,3%-ға көтеріліп 470,4 мың теңгеге жетті.

Алматыда екінші нарықтағы баспана бағасы бір жылда 8,2%-ға қымбаттады. Қазір бір шаршы метрдің орташа бағасы 749,5 мың теңге. Шымкентте баға 6,5%-ға өсіп, 472,3 мың теңгеге жетті. Қонаевта жылдық өзгеріс байқалмады (-0,1%) – 451,4 мың теңге.

Ал жалға берілетін тұрғын үйге келсек, оның бағасы бір жылда республика бойынша 17%-ға өсіп, 1 шаршы метрі орта есеппен 5,4 мың теңгеге жетті.

Жалдау нарығында ең жоғары өсім Павлодарда тіркелді – 42,5%. Петропавлда жалдау ақысы 39,1%-ға, Алматыда 18,1%-ға артқан. Мегаполисте тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдау орта есеппен 6,2 мың теңгеге жетті.

Қызылордада жалдау ақысы 17,9%-ға, Астанада 17,5%-ға, Шымкентте 15,8%-ға өсті. Ал өсімнің ең төмен қарқыны Оралда тіркелді – 3,8%.

2026 жылғы шілдемен салыстырғанда, жаңа тұрғын үй бағасы орта есеппен 0,6%-ға қымбаттаған. Баға ең жылдам Түркістанда (+3,4%), Оралда (+1,2%), Астанада (+1,1%) және Өскеменде (+1%) өсті.

Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы ел бойынша орта есеппен 0,8%-ға қымбаттады. Ең елеулі өсім Өскеменде (+3,3%), Түркістанда (+1,8%) және Астанада (+1,2%) тіркелді. Ал Жезқазғанда баға 1,4%-ға, Қарағандыда 0,9%-ға, Ақтөбеде 0,5%-ға төмендеген.

Жалға берілетін тұрғын үй бағасы тамыз айында айтарлықтай қымбаттады. Шілдеде жалдау ақысы бір айда 1,4%-ға өссе, тамызда өсім 4,2%-ға жеткен.

Баға Қостанайда (+5,9%), Петропавлда (+5,5%) және Түркістанда (+5,3%) ең жоғары қарқынмен өсті. Шымкент пен Қарағандыда жалдау құны 5%-ға артты. Сонымен қатар, бірде-бір қалада жалдау ақысының төмендеуі тіркелмеді.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ең алдымен азаматтарға қажетті әлеуметтік нысандар салу маңызды екенін айтты. Аталған жоспарларды іске асыру үшін Ұлттық қордан қаржы бөлу көзделіп отыр. Жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы Александр Пак аталған өзгерістердің нарыққа ықпалы туралы LS редакциясына пікір білдірген болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.