2021 жылы жеңілдікпен автонесиелеуге қосымша қаражат қарастырылмаған. Бұл туралы LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.
Министрлiкте жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының күші Ұлттық банктің 2021 жылғы 24 мамырдағы қаулысымен жойылғанын түсіндірді. Осыған байланысты осы бағдарлама шеңберінде қосымша қаржыландыру қарастырылмаған.
Министрлік қазіргі уақытта жеке тұлғаларды жеңілдікпен автонесиелендіру бөлінген қаражатты револьверлік қаржыландыру есебінен іске асырылып жатқанын қосты. Банктер жеке тұлғалардың қарыздарын өтеуден босатылатын қаражатын жаңа жеке тұлғаларды қаржыландыруға жібереді.
"Жеңілдетілген автонесие алғысы келетіндердің үлкен сұранысын назарға ала отырып, екінші деңгейдегі банктер жаңа өтінімдер қаражатының босатылуына қарай қабылдайды. Жеңілдетілген автонесиелеуге ағымдағы жылы қосымша қаржы бөлу қарастырылмаған", – деп атап өтті ИИДМ-де.
Бұған дейін аталған бағдарламаға 40 млрд теңге бағытталды.
Сонымен қатар, министрлiкте Қазақстандағы сатудың жалпы көлеміндегі жеңілдікті автонесиелендірудің үлесі орта есеппен 5%-ды құрайтынын атап өтті. Осыған байланысты Ұлттық банк тарапынан жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасының тоқтатылуы автомобиль нарығына да, сатып алу қабілетіне де, жаңа автомобильдер бағасының өзгеруіне де әсер етпейді.
ИИДМ ақпараты бойынша, банктер мен дилерлік орталықтардағы несиелеудің стандартты мөлшерлемелері жеті жылға дейінгі мерзіммен 16%-дан басталады. Бөліп төлеу бағдарламалары 0,1%-дан екі жылға дейінгі пайыздық мөлшерлемені ұсынады. Сондай-ақ, жеке несиелік және лизингтік бағдарламалар бар.