Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы жалғасын таба ма

Бағдарлама 2015 жылы іске қосылды

11 мая 2021 года

Өткен жылы төрт банк жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша 20 млрд теңге алды. LS редакциясы 2021 жылы бағдарлама бойынша қаражат бөлінетіні туралы білді.

LS-тің ресми сауалына жауап ретінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) мен Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) осы жоба аясында жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу қарастырылғанын атап өтті. Алайда, 2021 жылға ақшаны бөлу мерзімі әлі анықталмаған.

"Бүгінгі таңда 2021 жылы Ұлттық банк қаражатынан 20 млрд теңге көлемінде кезекті траншты бөлінуі күтілді, алайда ақша әлі түскен жоқ. Біз ақша ҚДБ-ға мүмкіндігінше тезірек беріледі деп үміттенеміз", - деп атап өтті ИИДМ-де.

Сонымен қатар, Ұлттық банк жеңілдетілген автонесиелендіру бойынша 2019-2023 жылдар ішінде жыл сайын ақша бөлу қарастырылғанын хабарлады.

"Осы жылға 20 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды бөлу туралы тиісті шешімнің қорытындысы бойынша ақпарат қаржы ұйымдары мен жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады", - деп атап өтті министрлікте.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама 2015 жылдың 20 сәуірінде іске қосылған еді. Бағдарлама шеңберінде қолданыстағы қарыздарды өтеуден түскен төлемдер автокредиттеуге қайта жіберіледі. 2015 жылдан бастап ҚДБ-ға 82 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 136 млрд теңгеге 27 мыңнан астам қарыз берілді.

Жобаның негізгі шарттары:

- автокөлік Қазақстанда шығарылуы тиіс;

- құны – 15 млн теңгеден аспауы тиіс;

- қарыз мерзімі 84 айдан (жеті жыл) аспауы тиіс);

- номиналды пайыздық мөлшерлеме – жылдық 4%;

- тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс.

Бұл бағдарламаға Халық, Сбербанк, ВТБ, Еуразиялық, АТФ, Банк ЦентрКредит және Forte банктері қатысады.

Бұған дейін LS, төрт қаржы институты жеңілдікпен автонесиелеуге тағы 20 млрд теңге алғанын жазған болатын

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.