Қазақстандықтар мемлекеттік көмектен бас тарта бастады

сегодня

Қазақстандықтар әлеуметтік көмектен өз еркімен бас тартып жатыр, деп хабарлайды LS.

Үкіметтің мәліметінше, SMS-хабарламалар жіберілгеннен кейін 200-ден астам азамат мемлекеттік көмектен бас тартқан.

"Еңбек министрлігі мемлекеттік жәрдемақылардан ерікті түрде бас тартуға арналған жаңа сервисті таныстырды. Оны eGov Mobile қосымшасына енгізу жоспарланып отыр. Жаңа мүмкіндік арқылы ауқатты азаматтар әлеуметтік төлемдерден мемлекеттік органдарға бармай- ақ, онлайн форматта бас тарта алады",- деп хабарлады ведомствода.

Сонымен қатар әкімдіктер ұсынатын 66 әлеуметтік көмек шарасына қайта талдау жүргізілді. Бұған дейін бұл шаралар жеке-жеке жүзеге асырылып келген.

"Талдау қорытындысы бойынша орталық және жергілікті деңгейде қайталанатын 38 әлеуметтік көмек шарасы оңтайландырылды. Қалған 28 шара 13 негізгі бағытқа біріктірілді. Бірыңғай цифрлық платформа өтініш беруден бастап, төлем жасауға дейінгі барлық кезеңді бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көмек алушылардың саны, әлеуметтік қолдау шараларына сұраныс пен жергілікті бюджет шығыстары қадағаланады. Бұл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етіп, бір көмектің қайталанып төленуіне жол бермейді",- деп есептейді үкімет.

Бұдан бөлек, еңбек министрлігі жанынан өңірлерге барып, жәрдемақы тағайындау тәртібіндегі өзгерістер бойынша жергілікті мемлекеттік органдарға кеңес беретін жұмыс тобы құрылды.

"Әл- ауқаты жоғары отбасыларға қосымша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы нақтыланып, әл-ауқат деңгейі әділ бағаланып, тиісті санаты анықталады. Үкімет басшысы отбасылардың әл- ауқатын бағалауға арналған калькуляторды жетілдіруді тапсырды. Атап айтқанда, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректерді автоматты түрде енгізу арқылы оны азаматтарға барынша қолайлы ету көзделіп отыр. Сонымен қатар еңбек министрлігіне банктерді отбасының цифрлық картасына қосу жұмыстарын жеделдету міндеттелді",- деп нақтылады ведомстводан.

Еске салайық, әлеуметтік қолдау шараларына өтініш беру және оларды тағайындау мүмкіндігі бар бірыңғай цифрлық платформа биыл маусым айында іске қосылған болатын. Содан бері 2,5 млрд теңгеге 55 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде 1,8 млрд теңгеден астам сомаға өтініштер қаралып, мақұлданған.

Бұған дейін, мәжіліс депутаты Ләззат Қожахмет 2027 жылдан бастап кімдерге декреттік төлемдер берілмейтінін айтқан болатын. Сондай- ақ, премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті қысқарту себептерін түсіндірді.

2027 жылдан бастап Қазақстанда бірқатар мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгереді. Ал 4 шілдеден бастап Еңбек министрлігі отбасылардың әлеуметтік әл- ауқатын бағалау әдістемесін жаңартты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.