Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы тоқтатылды

Ол 2015 жылы іске қосылған еді

23 июня 2021 года

Ұлттық банк жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын тоқтатты, деп хабарлайды LS.

Ол 2015 жылы іске қосылған болатын.

"Басқарманың 2021 жылғы 24 мамырдағы №56 шешімімен бағдарламаның қолданылуы тоқтатылды. Сонымен қатар, Қазақстанда өндірілген жеңіл автокөлік сатып алушыларына несие беру үшін Ұлттық банк тарапынан осыған дейін бөлінген 40 млрд теңге сомасындағы қаражатты одан әрі пайдалану мүмкіндігі қарастырылған", – деп түсіндірді бас банкте.

Бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық банк 2019-2020 жылдары 40 млрд теңге, яғни жыл сайын 20 млрд теңгеден бөлгенін атап өтті. Осы жылдың 27 мамырындағы мәліметтер бойынша 48,8 млрд теңгеге 8 546 несие берілді, оның ішінде 8,8 млрд теңге бұрын берілген автонесиелерді (револьверлік механизм) өтеуден түскен ақша есебінен сатылды.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама талаптарымен отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алатын жеке тұлғаларды 4% номиналды мөлшерлемемен несиелендіру қарастырылған.

Бұған дейін Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Данияр Ақышев "7-20-25" үлгісі бойынша автонесиелеу бағдарламасын әзірлеуді ұсынған болатын. Кейін қаржы институты жергілікті құрастыру машиналарына арналған автонесиелеу жобасын бекітті. Ақпаратқа сәйкес, автомобильдің максималды құны 15 млн теңгені құрауы тиіс, қарыз мерзімі – жеті жылдан аспайды, сыйақының номиналды мөлшерлемесі 4%. Несие теңгемен беріледі.

2019 жылдың қазан айында қазақстандық банктерге жеңілдетілген автонесиелеу үшін ҚДБ-дан 20 млрд теңге түсті. Мемлекеттік бағдарлама аясында қаржы институттары 14,5 млрд теңге көлемінде бірінші транш алды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың мамыр айында ҚДБ жеңілдетілген несиелерге тағы 20 млрд теңге бағыттады. Биыл бұл жобаға қаражат бөлу туралы ақпарат түскен жоқ. Осыған байланысты LS редакциясы ресми сауал жолдап, Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын жалғастыра ма екенін анықтады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚДБ осы жоба аясында жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу қарастырылғанын айтты. Алайда, 2021 жылға ақшаны бөлу күні әлі анықталмаған.

"2021 жылы Ұлттық банк қаражатынан 20 млрд теңге көлемінде кезекті траншты бөлу күтілді, алайда ақша әлі түскен жоқ. Біз ақша ҚДБ-ға мүмкіндігінше тезірек беріледі деп үміттенеміз", – деп атап өтті ИИДМ-де.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
В Казахстане введут биометрию и лимит на SIM-карты для борьбы с обманом
сегодня
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.