Тұрғын үй нарығында алаяқтық көбейді

сегодня

Ішкі істер министрлігі LS-ке тұрғын үй нарығында жиі кездесетін алаяқтық схемалар туралы мәлімет берді.

Кең таралған алаяқтық схемалардың бірі – үлестік құрылыс саласындағы заңсыз әрекеттер. Азаматтарға салынып жатқан тұрғын үйден пәтер алу үшін қаржы құю ұсынылады. Алайда кейде мұндай нысан мүлде салынбайды немесе құрылыс жұмыстары аяқталмай тоқтап қалады.

Тағы бір кең тараған тәсіл – жалған жалға беру. Интернетте пәтерді жалға беру жөнінде хабарландыру жарияланып, жалдаушылардан алдын ала ақы сұралады. Алайда қаражат қолға тиген соң, алаяқтар байланысын үзіп, ізін суытады.

Үшінші схема – пәтерді сату кезінде жасалатын алаяқтық. Сату туралы хабарландыру жарияланып, сатып алушыдан алдын ала ақша талап етіледі. Ал қаражат алынғаннан кейін күдікті ғайып болады.

Министрліктің мәліметінше, мұндай құқықбұзушылықтардың жолын кесу үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, тұрғындарға қауіпсіз мәміле жасау тетіктері түсіндірілуде. Мәселен, баспанаға қатысты келісімге қол қоймас бұрын барлық құжат пен мәліметті мұқият тексеру қажет.

Құқықтық статистика мәліметіне сүйенсек, биылғы қаңтарда "Алаяқтық" бабы бойынша 11 қылмыстық іс тергеу нәтижесімен аяқталған. Келтірілген шығын көлемі 14,8 млн теңге.

Ал 2025 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығында осындай 196 дерек тіркеліп, жалпы залал 11,7 млрд теңгеге жеткен.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда бірқатар құрылыс компанияларының 1,5 млрд теңге көлемінде айыппұл арқалағанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.