Франция, Қытай және Түркия Алматы облысындағы бірқатар жобаларға миллиардтаған теңге құйды

Үш жоба Кербұлақ, Іле және Қапшағай аудандарында іске асырылды

9 апреля 2021 года
    

LS редакциясы тәуелсіздік жылдары Алматы облысында жүзеге асырылған ең қымбат 10 жоба туралы білді.

LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлағандай, ірі кәсіпорындарды іске қосу 186,1 млрд теңгеге бағаланған. Топ-10 жобаны іске асыруға қазақстандық, ресейлік, түрік, француз, кипрлық, қытайлық және сингапурлық кәсіпкерлер қаржы құйды. Оларды іске қосу есебінен 2,9 мың жұмыс орны құрылды.

Ақпаратқа сәйкес, өндірістік қуаттар агроөнеркәсіптік кешенде, жеңіл, мұнай-газ, өңдеу өнеркәсібінде, жаңартылатын энергия көздерінде ашылды.

Өңірде тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылған ең қымбат жоба 43,7 млрд теңгенің Кербұлақ ауданында орналасқан – цемент зауыты. Бұл нысан өткен жылы ашылған. Сингапурлық инвестициясы бар кәсіпорында 400 адам жұмысқа орналастырылды. Айта кетейік, Қызылжар ауылдық округінде зауыт салу 2018 жылдың мамыр айында басталған болатын.

2019 жылы Іле ауданында 36 млрд теңгеге майлау материалдарын шығаратын зауыт іске қосылды. Инвестор – Ресейден келген компания. Ақпаратқа сәйкес, өндірісте 200 адам жұмыс істейді.

Өңірдегі ең қымбат жобалардың үштігінде – Қапшағай қаласындағы қуаты 100 МВт күн электр станциясы бар. Оның құрылысына 27 млрд теңге жұмсалды. Қытайлық инвестициялармен жасыл жоба 2019 жылы іске қосылып, нысанда 32 адам жұмыс істейді. Осы өңірде сонымен қатар, Арна индустриялық аймағының аумағында 15,4 млрд теңгеге азық-түлік өндірісін ұйымдастырды. Агроөнеркәсіптік жоба Кипрлық кәсіпкерлер қаржысымен 2018 жылы ашылды. Өндіріс ошағында 540 жаңа жұмыс орындары пайда болды.

Бесінші орында 13 млрд теңгеге тағы бір күн электр станциясы. Қытайдың қатысуымен бұл жасыл жоба 2020 жылы Іле ауданында іске қосылды. Қуаттылығы – 50 Мвт.

2016 жылы 12,2 млрд теңгеге Қарасай ауданында шыны өнімдерін өндіру іске қосылды. Жобаға Қытайдан келген компания инвестиция салды.

Бұдан кейін Іле ауданында 11,84 млрд теңгеге құс фабрикасының бірінші кезеңі ашылды. Алматы облысының сегізінші қымбат жобасы Ұйғыр ауданындағы осындай нысанды 10,49 млрд теңгеге қайта құру болып табылады. Екі құс фабрикасы да 2020 жылы іске қосылды.

Түркиялық инвестор 2017 жылы Қарасай ауданындағы кондитерлік өнімдердің өндірісін жаңғыртуды қаржыландырды. Жоба құны – 8,25 млрд теңге. Кәсіпорында 20 адам еңбек етеді.

Сондай-ақ, Текелі қаласында 8,2 млрд теңгеге шойын өндіретін нысан топ-10 жобаны аяқтайды. Бұл өнеркәсіптік нысан 2016 жылы іске қосылды.

Бұған дейін LS Алматы облысында 2023 жылға дейін 102,3 млрд теңгенің алты жобасы жүзеге асырылатынын жазған болатын. Мысалы, биылғы жылы 19,4 млрд теңгеге жел электр станциясын ашу көзделген. Сарқан ауданында жаңартылатын энергия көзі салынуда. Қуаты 50 МВт болатын жобаны іске асыруға Қытайдан келген компания инвестиция салады. Келесі жылы Іле ауданында испан инвестициясымен зауыт іске қосылады деп күтілуде. Жоба құны – 20,24 млрд теңге. Сол ауданда 2022 жылдың II тоқсанында 24 млрд теңгеге Sokol автодромының спорттық-техникалық кешені іске қосылмақ. Қазіргі уақытта үлкен тас жол-айналма жол салынуда.

2022 жылы Талғар ауданындағы Қайрат индустриялық аймағында 9 млрд теңгеге өсімдіктерді қорғау құралдарын шығаратын зауыт ашылады деп күтілуде. Жаңа өндіріс түрік инвестицияларының қатысуымен салынады. Сонымен қатар, Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешенде жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Құйылатын қаржы сомасы 30 млн еуроға дейін баруы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда тәуелсіздік жылдары ең қымбат ірі жобалардың құны триллион теңгеге жеткен. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында осы жылдар ішінде 693,6 млрд теңгеге 11 ірі өндіріс іске қосылды, ал елордада 130 млрд теңгеден астам сомаға тоғыз жоба іске асырылды. Шымкентте 660 млрд теңгенің топ-5 қымбат өндірісі ашылды, ал БҚО-да 263,3 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.