ШҚО-ның 11 жобасы: миллиардтаған теңге кімге тиді және қалай жұмсалды

31 марта 2021 года

LS редакциясы Шығыс Қазақстан облысында тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылған 693 млрд теңгеден астам сомаға жасалған топ-11 қымбат жоба туралы білді.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, жалпы құны 693,6 млрд теңге болатын бұл өндірістер агроөнеркәсіптік және тау-кен металлургия кешені, энергетика, құрылыс индустриясы, атом саласы, металлургия салаларында іске қосылды.

Аягөз кешенінде 364 млрд теңгеге тау-кен металлургия комбинаты салынды. Ол 2017 жылы енгізілген. Шығарылатын өнім-мыс кені кәсіпорнында 1,5 мың адам жұмыс істейді.

2018 жылы Жарма ауданында 138,8 млрд теңгеге тау-кен байыту кешені ашылды. Оның өндірістік қуаты жылына 2 млн тонна кенді құрайды. Хабарламада айтылғандай, жобаны іске қосу есебінен 1,1 мың жұмыс орны құрылды.

Электролиз цехы бар мыс балқыту зауытын салу, металлургия кешенінің қорғасын өндірісін қайта құру жобаларының қымбаттығы бойынша қөшбасшылар үштігін аяқтайды. Жоба кұны – 121,1 млрд теңге. 

2010 жылы Өскеменде іске қосылған жоба катодты мыс, қара қорғасын шығарады. Кәсіпорында 1,1 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Одан кейін 2014 жылы Өскеменде іске қосылған 12,6 млрд теңгеге титан слябтарын өндіретін зауыт іске қосылды. Жобаны іске асыру есебінен 70 жұмыс орны құрылды.

Бесінші орында 2020 жылы іске қосылған кәсіпорын. Мәселен, Өскеменде Қытай АЭС үшін жылу бөлетін құрамалар өндірісі ашылды. Инвестициясы соммасы – 27,4 млрд теңге. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 200 тонна уранды құрайды. Зауытта 132 адам жұмысқа орналастырылды. Айта кетейік, жоба қытай компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Өткен жылы LS редакциясы жүргізілген қайта бағалаудан кейін құны 44,7 млрд теңгені құрағанын хабарлаған еді. Кәсіпорын жобалық қуатына 2023 жылы шығуды жоспарлап отыр. Алғашқы сынақ жеткізілімі 2021 жылы 50 тонна ядролық отын көлемінде күтілуде.

Сондай-ақ, қалада 2010 жылы 12,3 млрд теңгеге титан құймалары мен қорытпаларын өндіретін зауыт іске қосылды. Жұмыс орындары – 172. 

Жарма ауданында 2019 жылы 8,4 млрд теңгеге күн электр станциясы іске қосылды. Жасыл нысанның қуаттылығы 30 МВт құрайды.

Тәуелсіздік жылдарындағы ең қымбат жобалардың сегізінші орнында 5 млрд теңгеге тау-кен металлургия кешенін салу жобасы болды. Қуаттылығы – жылына 350 мың тонна кен.

 Кәсіпорын 2020 жылы Күршім ауданында іске қосылып, 200 адам жұмысқа орналастырылды.

Ұлан ауданында 2012 жылы құс фабрикасының қуаты жылына 20 мың тонна етке дейін кеңейтілді. Инвестициялар – 2,8 млрд теңге, жұмыс орындары – 207. Сол жылы Семейде жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы құс етін өндіруге қайта бейімделді. Жоба құны – 2,8 млрд теңге. Кәсіпорында 380 адам еңбек етеді.

Ең соңында топ-11 қайта құру мал шаруашылығы кешені. 2,8 млрд теңгенің жобасы 2020 жылы Шемонаиха ауданында іске қосылды. Шығарылатын өнім – сүт, ет, 29 – жұмыс орны.

Бұған дейін LS өңірде 2020 жылы жаңа өндірістер 37,5 млрд теңгеге іске қосылғанын, ал АӨК саласында 2,5 млрд теңгеге 47 жоба іске асырылғанын жазған болатын. 

Жалпы, өңірде жаңа өндірістерді ашу есебінен 500-ден астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, облыста 193 млрд теңгеге 10 өндіріс пайда болады.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 601 млрд теңгенің 27 жаңа өндірісі ашылуы мүмкін. LS хабарлағандай, жобаларды 2020-2025 жылдары іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, жаңа өндірістер тау-кен өндіру саласында, тамақ өнеркәсібінде, агроөнеркәсіптік кешенде және логистикада жұмыс істей бастайды.

Сонымен қатар, LS тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ең қымбат ірі жобаларына шамамен 3 трлн теңге салынғанын жазды. Сондай-ақ, Қазақстанда 2017-2020 жылдары $3,37 млрд-қа топ-10 қымбат жоба іске асырылғаны туралы хабарлаған болатын.

Анықтама

Жылу бөлетін құрастырғыш- құрамында ядролық материалдар бар және бақыланатын ядролық реакцияны жүзеге асыру есебінен ядролық реакторда жылу энергиясын алуға арналған машина жасау бұйымы.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.