Қазақстан мұнай экспортына жаңа жол ашпақ

сегодня

Қазақстан Каспий теңізінің түбімен мұнай құбырын тарту жобасын пысықтап жатыр. Энергетика министрлігі LS редакциясына бастамаға қатысты бірқатар мәлімет берді.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан мұнайды шетелге жеткізудің жаңа бағыттарын дамыту мәселесін қарастырып жатыр. Бұл мұнай экспортын әртараптандырып, сыртқы нарықтарға тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы бағытта Каспий теңізінің түбімен мұнай құбырын тарту мүмкіндігі де зерттелуде.

"Қазір жоба бастапқы талқылау және сарапшылармен кеңесу кезеңінде. Соңғы шешім экономикалық тиімділік, қоршаған ортаға әсері және халықаралық талаптар ескеріле отырып қабылданады",- деп түсіндірді министрлікте.

Жобаның қашан іске асатыны техникалық-экономикалық және экологиялық зерттеулердің қорытындысына, сондай-ақ, жобаға қатысушылардың қызығушылығына байланысты болады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Каспий маңындағы елдермен қолданыстағы келісімдер мен ортақ келісім негізінде ынтымақтастықты жалғастырады.

"Жалпы, Қазақстан Транскаспий бағытын мұнай экспортын әртараптандырудың әлеуетті жолдарының бірі ретінде қарастырады",- деп қорытындылады министрлікте.

Өз кезегінде "ҚазМұнайГаз" компаниясы LS редакциясына Каспий теңізінің түбімен мұнай құбырын салу мүмкіндігін барлық мүдделі тараптар зерттеп жатқанын хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, Транскаспий халықаралық көлік бағыты қазақстандық мұнай экспортын әртараптандырудың перспективалы жолдарының бірі болып саналады.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан 3,5 млн тонна мұнайды экспорттай алмағанын және балама бағыт қажет екенін жазған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.