Шетелдік инвесторлар Алматы облысына миллиардтаған теңгемен келді

Естеріңізге сала кетейік, 300 млрд теңгеге өндіріс ошақтарын ашу жоспарлаған болатын

26 марта 2021 года

Алматы облысында 102,3 млрд теңгенің алты жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы LS-ке өңірлік кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, жаңа нысандар 2023 жылға дейін іске қосылады. Атап айтқанда, биылғы жылы 19,4 млрд теңгеге жел электр станциясын ашу көзделген. Сарқан ауданында жаңартылатын энергия көзі салынуда. Қуаты 50 МВт болатын жобаны Қытайлық компания қаржыландырады.

Сондай-ақ, келесі жылы испан инвестицияларымен жаңа зауыт іске қосылады деп күтілуде. Іле ауданында мериолиз технологиясы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарға (ҚТҚ) термиялық әсер ету арқылы алынған биогаздан электр энергиясын өндіру жолға қойылады. Жоба құны – 20,24 млрд теңгені құрайды. Өндіріс қуаты – 4 МВт электр энергиясы, кіріс ағыны бойынша жылына 120 мың тонна және қайталама минералдық ресурстар бойынша жылына 24 мың тонна. Сол ауданда 2022 жылдың II тоқсанында 24 млрд теңгеге Sokol автодромының спорттық-техникалық кешені іске қосылмақ. Басқармада бүгінде кешен (драг-рейсинг, сурет, қателер, дрифат үшін) жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта үлкен тас жол-айналма жол салынуда.

Осы жылы Талғар ауданында 9 млрд теңгеге өсімдіктерді қорғау құралдарын шығаратын зауыт жұмыс іске қосылады. Жобаға Түркиялық компания инвестиция салады. Өндіріс қуаттылығы жылына 12 мың тонна пестицидтті құрамақ.

2023 жылы Ұйғыр ауданында 42,6 млрд теңгеге құс шаруашылығы кешенін іске қосу жоспарлануда. Нысанда жылына 35,6 мың тонна ет шығару жоспарда бар. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданында Богут кен орнындағы вольфрам кендерін өнеркәсіптік игеру жоспарланып отыр. Қаржы құюшы қытайлық компаниялар. Жоба құны – 94,5 млрд теңгеге бағаланған.

Жалпы, 102,3 млрд теңгеге алты жобаны іске асыру есебінен 1,6 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Айта кету керек, бұл өндірістерді құру туралы келісімге Zhetusu Invest 2019 кезінде қол жеткізілді. Сонымен қатар, басқарма 2020 жылы жасыл нысанның іске қосылғанын қосты. Атап айтқанда, Іле ауданында 13 млрд теңгеге 50 МВт күн станциясы іске қосылды. Инвесторы – қытайлықтар.

Естеріңізге сала кетейік, осы форум аясында 324,3 млрд теңгенің 12 меморандумына қол қойылған болатын. Мәліметтерге сәйкес, жобалардың инвесторлары тек отандық ғана емес, сонымен қатар Қытай, Түркия, Гонконг, Люксембург және Испания елдерінің компаниялары. Алматы облысында 12 жобаны іске қосу есебінен 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Дайын өнімді ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс, Жапония және Қытай елдеріне экспорттау жоспарда бар.

Анықтама

Мериолиз технологиясы қалдықтарды қайта өңдеуді қамтиды, олар кейіннен газға синтезделіп, одан әрі электр энергиясына айналады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.