Жасанды интеллект жұмыс орындарын азайта ма

сегодня

Сенат кулуарында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун жасанды интеллекттің еңбек нарығына әсері туралы айтты, деп хабарлайды LS.

"Алдағы бес жылда 2,5 млн-ға жуық маманның жұмысы автоматтандыру ықтималдығына тап болуы мүмкін. Соның ішінде шамамен 1 млн адамның қызметі тікелей жасанды интеллекттің қолданылуы салдарынан жойылуы мүмкін. 2029 жылдың соңына дейін млн азаматты жасанды интеллект саласында жұмыс істеуге бейімдеу және қайта оқыту көзделіп отыр. Қазірдің өзінде репетиторлар мен коучтар әзірлеген алғашқы тегін бейнесабақтар қолжетімді, олардың арасында жасанды интеллектке арналған курстар да бар", – деді ол.

Оның айтуынша, жасанды интеллекттің дамуы кейбір мамандықтардың жойылуына, ал керісінше, жаңа салалардың пайда болуына әкеледі.

"Мысал ретінде бір мамандықты айтайын – ол бағдарламашылар. Бұл сала өз өзектілігін жоғалтпайды. Біз оны бақылауда ұстайтын министрлік ретінде оның маңызын жақсы білеміз. Бағдарламашылар жасанды интеллектті тиімді пайдалану арқылы жұмыс өнімділігін арттыра алады. Мысалы, егер бұрын бір сайтты жасауға екі апта қажет болса, енді жасанды интеллекттің көмегімен оны бір күнде әзірлеуге болады", – деп түйіндеді Д. Мун.

Кейін министрліктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, мақсат – адамдарды жұмыстан шығару емес, еңбек нарығын жаңа технологиялар дәуіріне бейімдеп, қазақстандықтарды болашақта қажет болатын мамандықтарға дайындау.

"Жасанды интеллект адамдардың еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етіп, жаңа мамандықтар мен жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береді", – деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Бұған дейін, сенаторлар жасанды интеллект туралы заң жобасының бірқатар нормаларын қолдамаған еді. Сондай-ақ, бүгінде 100 мыңнан астам қазақстандықтың Ресейде еңбек етіп жүргені белгілі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.