Қытайлық инвесторлар Қазақстанда мұнай іздеуге көмектеседі

Аталмыш жер қойнауы барлаудың төмен дәрежесімен сипатталады

31 мая 2023 года

Қытайлық инвесторлар Қазақстаннан мұнай мен газ іздеуге көмектеседі. Бұл туралы LS-ке "Қазмұнайгаз" компаниясында хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, Sinopec компаниясымен геологиялық зерттеулер жүргізу туралы келісімге қол қойылған. Жобалар үш санатқа бөлінеді.

Жер қойнауын геологиялық зерттеу бес учаскеде жүргізіледі: Жарқын, Болашақ, Солтүстік Өзен, Березовский, Мұғалжары. Зерттеу жұмыстарының мерзімі – 2022-2025 жылдар аралығын қамтымақ.

Негізгі барлау жобалары жеті учаскеде іске асырылатын болады: Өзен – Қарамандыбас, Шығыс Бектұрлы, Үлкен Жамбыл, Сарқамыс, Солтүстік Нұр-Мұнай, ТАН Восток, Темір Надсолевой. Олар бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін учаскелерді зерттеу және таңдау жоспарлануда.

Жобалардың үшінші санаты аз зерттелген шөгінді бассейндердегі перспективалы учаскелерге қатысты. Олардың бірі – Каспий маңы, әлемдегі ең терең ұңғыманы бұрғылау жобасы шегінде "Еуразия" және төрт аз зерттелген бассейн – Арал, Сырдария, Шу – Сарысу, Солтүстік Торғай бар. Осы жылдың соңына дейін аталмыш жобалардан перспективалы нысандарды таңдау жоспарлануда.

"Қазмұнайгаз" компаниясы келісімде көрсетілген жер қойнауы, жіті зерттелмеген болып саналатынын атап өтті. Сондықтан тәуекелдерді азайтып және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды алу туралы салмақты шешім қабылдау үшін оларды алдын ала саралап, қосымша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Нәтижелері бойынша геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалар пулы таңдалады. Осыдан кейін инвестициялардың қажетті көлемі бойынша шешім қабылданады.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан мен Қытай миллиардтаған долларлық құжаттарға қол қойғанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.