USD 452.12 EUR 508.95 RUB 5.41 CNY 67.62 NASDAQ 26,140.03 -0.01% ↓ S&P 500 7,659.44 -0.01% ↓ FTSE 10,881.90 +0.00% ↑ Brent 109.86 +3.50% ↑ Gold 4,181.10 +0.01% ↑ USD 452.12 EUR 508.95 RUB 5.41 CNY 67.62 NASDAQ 26,140.03 -0.01% ↓ S&P 500 7,659.44 -0.01% ↓ FTSE 10,881.90 +0.00% ↑ Brent 109.86 +3.50% ↑ Gold 4,181.10 +0.01% ↑

Қонақ үй, трансфер, ПТР: енді тест құны туроператорлар пакетіне кіреді

Бұл Қазақстанға оралар туристердің ПТР анықтамасы жайлы болып отыр

Қонақ үй, трансфер, ПТР: енді тест құны туроператорлар пакетіне кіреді

Туристердің ПТР-тестілеуі туроператорлардың пакеттері құнына қосылады, деп хабарлайды LS.

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сәйкес, Қазақстанда шетелден оралған туристерді міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім туроператорлармен, "Атамекен" және  ВКА-ның талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.

"Бүгінгі таңда шетелден келетін азаматтардың жалпы санынан коронавирустық инфекцияға ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасы жоқ туристердің 80%-ы Египеттен, Түркиядан және Біріккен Араб Әмірліктерінен келгендерге тиесілі. Оның ішінде анықтамасыз туристердің 41%-ы Мысырдан, 27%-ы – Мальдивтен, 16%-ы – БАӘ-мен және 8,3%-ы – Түркиядан. Коронавирустық инфекцияның 80% жағдайы туристік елдерден келген демалушылар арасында анықталып отыр, оның ішінде: Мысырдан – 96 адам, Түркиядан – 50, БАӘ – 51", - деп атап өтті ұйымда.

Сонымен бірге, LS сұрағына жауап бере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі күні COVID-19 вакцинасы ПТР-тестілеуіне балама ретінде қарастырылмайтынын хабарлады. Себебі, иммунитетті көтеру үшін кем дегенде бір ай қажет.

Бұған дейін туроператорлар қауымдастығы авиакомпанияларға ПТР-тестілеуден өткен анықтамасы жоқ елге оралған қазақстандықтарды авиарейстерге жібермеу туралы ұсыныс жасаған болатын.