Қазақстанда Малайзиядан келген компаниялардың қатысуымен $293 млн-ға жобаларды іске қосылмақ. Мұндай жоспарлар жайлы LS-ке сыртқы істер министрлігінде айтылды.
Іске асыру сатысында бес жоба бар. Жалпы құны $43 млн-нан асады, $250 млн-нан асатын алты жобаның әлеуеті жоғары. Тағы алтауы $117,3 млн-ға іске асырылды.
Туризм, сауда, инфрақұрылым және құрылыс, тау-кен металлургия кешені, жеңіл өнеркәсіп және медицина сияқты салаларда жаңа нысандар пайда болады. Олар Алматы, Түркістан облыстарында, сондай-ақ, Астана, Алматы, Атырау, Орал қалаларында ашылады.
Сыртқы істер министрлігі, қазіргі уақытта Малайзиядан келген инвесторлармен жүзеге асырылып жатқан жобаларды тізімдеді.
Атап айтқанда, бір компания Астанада мектеп пен тұрғын үй кешені мен жер үй салуда. Орал қаласында тағы бір инвестор нан үгіндісін өндіруді жолға қоюға ниетті.
Әлеуеті жоғары жобаларға келетін болсақ, Малайзиялық инвестор Алматы мен облыстағы қонақ үй бизнесіне ден қойды. Тағы бір компания алтынды сатуға және өңдеп,елде осы қымбат металды бөлшек сату бойынша АТМ-аппараттарын орнатуға мүдделі.
Сондай-ақ, шетелдік инвесторларды тау-кен металлургия секторы қызықтырды. Олар мұнай мен газ өндіруге арналған теңіз платформаларын орнатуға, әуежайлардағы ірі жүктерді сканерлеуге, қорғаныс өнеркәсібіне инвестиция салуды көздеп отыр.
Малайзиялық компаниялар туристік индустрияның инфрақұрылымына, автомобильдерге арналған ақылды паркингтер салуға инвестиция салмақ. Сонымен қатар, инвесторлар ислам қаржысының дамуына, саудаға назар аударуда.