Исламдық қаржыландыру және исламды қаржыландыру – бұл мүлде әртүрлі заттар

10 октября 2014 года
Қазақстандағы нарықта жақын арада бөлшектік жаңа ислам банкі пайда болады. Ол бизнеске ғана емес, жеке тұлғаларға да исламдық қаржыландыру принциптерімен қызмет көрсетпек. Бұл туралы Исламдық қаржыландыруды дамыту қауымдастығының төрағасы Ерлан Байдаулетов исламдық қаржыландыру бойынша IV Қазақстандық конференция барысында LS-ке берген сұхбатында айтты. Ол сондай-ақ, Қазақстадағы исламдық қаржыландыруды дамытудың ағымдағы проблемалары және осы саладағы алдағы өзерістер туралы сөз қозғады. - Ерлан Әлімжанұлы, қазіргі кезде исламдық қаржыландырудың дамуы Қазақстанда  қандай сатыда екенін айтып берсеңіз? Соңғы салалық конференциядан кейін  қандай өзгерістер болды? Өздеріңізге мәлім, исламдық қаржыландыру заңды түрде  Қазақстанда бес жылдан астам уақыттан бері бар. Ресми түрдегі есептерге сәйкес, бізде ислам банкі,  сақтандыру және лизингтік компаниялар жұмыс істейді. Алғашқы  сукук шығарылды, салалық қауымдастық (ИҚДҚ) бар. Дегенмен бұл жағдайдың бәрін жетістіктер деп айту қиын.   Бұл ретте тек «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»»  АҚ-ның  соңғы екі жылда  жүйелі менедменті мен  табандылығының арқасында ауылда исламдық микроқаржыландыру саласында біршама жетістік байқалады. Егер ашығын айтар болсақ, шын мәнінде, қазіргі уақытта халықтың басым бөлігі және бизнес исламдық қаржыландыру қызметіне қолжеткізе алмайды. Соңғы жылдары біз бұл салада айтарықтай дамуды көріп отырғанымыз жоқ. Оның себептері көп.  Ең басты себеп сапалы нормативтік-құқықтың базаның жоқтығы. Бес жыл бойы қабылданған заңдар шын мәнісінде, декратативтік боп шықты. Бұл тіпті жекелеген заңдарға толықтырылған шалағай заңнамалар. «Исламдық» деген міндетті тіркеуі бар қандай-да бір анықтамалар мен түсінік белгілері бар, бірақ іс жүзінде бұл жаңа ережелер айқын салықтық тетіктері мен операциялық құралдарының жоқтығынан және олардың түсіндірмелерінің аяқталмауынан өз күшінде жұмыс істемейді. ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы  басшылығының  күш салуымен ортақ тәртібі қатысушыларға таратылмайтын заңдық «гетто» құрылды. Қаржылық нарықтың жаңа ойыншыларының банктік-қаржылық қызметтің жалпы нарығын баршаға түсінікті түрде бірлестіріп жүйелеу әрекеттері болмады, сонымен бірге барлық үдерістер «өз бетінше» бағытталған. Осыған байланысты мынандай айқын мысал, қаржылық реттеуші 2012-2013 жылдары ортамерзімді «Саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы» аясында стратегиялық талдау және жаңа секиторды ілгерілету бойынша қандай да бір рөлден шеттелді.  Бұл маңызыд рөлді  ИҚДҚ сияқты әлсіз  қоғамдық бірлестікке және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына (ҚҚҚ) артты. - Сонда бізде «Исламдық қажыландыру туралы» жеке заң жоқ болды ғой? Мәселенің бәрі осында боп тұр ғой. Біз жұмыс істеуге мәжбүр болған  нормативтік-құқықтық база – бұл қолданыстағы заңдарға толықтырулар мен түзетулердің   түрлі пакеті ғана. Бұл жағдай ағашқа әлсіз бұтақтарды жалғағанды еске түсіреді және осы «артық элементтер» бірте–бірте құрайды. Біз мұндай заңнаманы «case–by–case»  (жағдайдан жағдайға) секілді дейміз. Мысалға, 2008 жылы жеделдетілген режимде заң жобасын әзірлеу тапсырмасы қойылып,  2009 жылдың ақпанында зайырлы заңнамалық «исламдық қаржыландыру» термині енгізілді. Ал 2010 жылы ҚР Қаржы министрлігі мен оның тәуелсіз сукук шығару жоспарында бұл  «заңда» мемлекеттік органдар рөлінің исламдық құнды қағаздарда оригинатор емес екендігін анықтап, оның енгізілуімен 2011 жылы бұл бағытта жаңа толықтырулар  пакеті қабылданды. Бірақ, Қазақстанның даму банкі 2011 жылдың 20-қазанындағы мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстан қор биржасында осы құнды қағаздарды шығармақшы болғанда бірқатар маңызды факторлардың жоқтығынан олардан ешнәрсе шықпады. Себептері мынау – эмиссия тетіктерінің өзінің болмауы, техникалық шешімдер және рәсімдеулер, қандай да бір институционалдық тәжірибе мен негізіг қаржы ойыншыларының сукук сертификаттарын толықтай  білмеуі және тағы басқалар. - Бірақ Қазақстан даму банкі сукукты шығарды емес пе? Біріншіден, бұл сукук мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша мемлекет ішінде,  KASE алаңында шығарылуы керек болатын. Қазақстан даму банкі екі ай бойы бірдеңе істемек болып, сәтсіз әрекеттенді. Бірақ таза декоративті заң аясында және уақытша цейтнота жағдайында банк менеджерлерінің командасы Малайзиялық қор биржасы арқылы ең қарапайым жолмен жүруіне тұра келді. Екіншіден, шығарылған Әл Мурабаха Таваррук  сукугы исламдық құқықтық  консервативтік  исламдық тәртібіне  сәйкес түпнұсқа болып саналмайды. Сукук – бұл үлестік сертификат, Шариа-комплайенге  сәйкес қандай да бір мүлікке үлесін растайды. Бұл жағдайда, банк менеджерлерінің кінәсінен емес бірнеше басқа  либеральды сызба (схема) болды. Иә, Тауарлық Мурабаха нормаларына сәйкес ақшаның өзі формальды түрде биржалық стандартық тауардың сатып алу-сату сатысы арқылы келді (Куала Лумпур биржасында пальма майы бойынша споттық мәмілелер қолданылады). Бірақ нақты түрде, бұл келісім әдеттегі бондтардыың шығарылымын қайталау боп шықты. Нәтижесінде, келісімнің өзі ғаламдық нарықта кәсіпқойлар  арасында көптеген пікірталастарды туғызды, әсірісе Таяу Шығыста. Иә, Ислам даму банкі мен Малайзия Негара банкі (Орталық банк) жетекшілерінің принциптік қолдауының арқасында ақша тартылды. Әйтсе де,  екі жылдың ішінде пайдаланылмады, тағы да сол заңнамада мұндай құралдың Иджара секілді (лизинг) айқын жазылмауынан сипаттау құралы болмауын.  Ескеріңіз, исламдық қаржыландыру мәмілесі барысында клиент ақша алмауы керек, ол қажетті өнімді өндіріс құралы ретінде алуы керек. Егер бұл ақшалар иджара– сукук кестесі бойынша тартылса, онда олар дереу лизингтік келісімдерге кетер еді. Егер истисна-сукук түрінде болса,  белгілі бір жобада жобалық  қаржыландыру түрінде болар еді.  Біздің жағдайда банк жай ғана таза ақшалай қарыз алған болып тұр. Солайша қазіргі «жағдайдан жағдайда» заңнамада сәйкес лизинг тетігі анық емес, яғни, әрине жаңа өзгертулер енгізу қажеттілігі туындады. Міне біздің салалық заңнамадағы ахуал осындай қиын.  Жасырмаймын, бастапқыда әсіресе, екі жыл астам уақыт БАҚ пен өзге де арналармен, оның ішінде «Жол картасы» бойынша тоқсандық есептер арқылы барынша белсенді түрде  исламдық  қаржыландыру туралы бірыңғай заң дайындауды лоббиледім.  Онда барлық ұғынықты  аппараттар, салықтық және  операциялық (Ұлыбританияның салық кодексі секілді) тетіктер қаржылық құралдардың өздері, шындап келгенде бәрі небәрі  6 базамен анық жазылды. Сол уақытта Алматыда Ұлттық банк пен Исламдық даму банкі ұйымдастырған 2012 жылғы қыркүйектегі исламдық қаржын реттеуші ортада күтпеген жерден Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық валюта қорының әйгілі кәсіпқой-практиктері мен заңгерлері тарапынан айтарлықтай қолдау тауып қуанғаным бар. Айтқым келетіні, салалық заңда жеке «astand-alonelaw» түсінігің  қажеттілігінің елімізде және аймақта Ислам даму банкінің техникалық көмек жобасын жүзеге асыру барысында   Ұлттық банк үшін заңнаманы жетілдіруде  бүкіл индустрияның  жетістігінің кепілі болатыны. - Заң жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр  ма? Бүгінгі таңда «case-by-case» тәжірибесі жалғасуда. Жаңа заң жобасы, есеп  бойынша үшіншісі, исламдық сақтандыру такафул және тауарлық мурабаха секілді құралдың сұрақтарын ескере отырып 2012 жылдың аяғында жасалды. Бірақ, сонда да  осы уақытқа дейін әр кезде қосымша түзетулер енгізілуде. Мысалға, биылғы жылы реттеуші исламдық банк лицензиясын қарапайым жергілікті банкке ұсыну қажеттілігімен бетпе-бет келді. Акционерлер, халықаралық инвесторларды қоса алғанда өз қызметтерін исламдық құқық нормаларына сай жалғастыруға шешім қабылдады.  Сәйкес реттеуші  нормалардың жоқтығынан, оларды аталмыш заң жобасына  енгізу және жыл соңына дейін олардың мақұлдауы бойынша үкіметпен және ары қарай Парламентпен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Одан ары,  жаңа бөлек заң дайын болған соң, шамамен келесі жылы біз расында да исламдық қаржыландыру қызметінде отандық секторда салмақты инвестиция үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Оның қабылдануымен біз бәріміз, реттеуші мен  нарықтың қатысушылары және тіпті оның клиенттері 2020 жылға дейін Алматыда өңірлік исламдық қаржы орталығы үшін  реттеушілік негізді құру туралы сеніммен  айта аламыз. - Неге әу баста исламдық қаржыландыру үшін  мұндай әлсіз нормативтік-құқықтық база әзірленді? Менің ойымша, бұл бұрынғы реттеуші басшылығының  жалған қолдауы және жергілікті тәжірибе мен банк қоғамдастығының шынайы қызығушылғының болмауына байланысты. Егер есіңізде болса, Ұлттық банктің бұрынғы  төрағасы өзінің баспасөз мәслихатында  «бұл тақырыпты білмейтінін, сондықтан да қандай да бір түсініктемелер бере алмайтын жағдайда» екенін ашық мәлімдеді. Шынында, бұл сыпайы түрдегі бас тарту. Әйткенмен, Елбасының тапсырмасын  ешкім алмастырмағанын  бәрі жақсы біледі. Сондықтан «Исламдық қаржыландыруды 2020 жылға дейін дамытудың жол картасы» ақырын-ақырын және аса құлықсыз орындалуда. Мен осы іске қатынасушы ретінде айта аламын, жұмыс жүріп жатыр, бірақ көбінесе немқұрайлы. Сол себепті  былтырғы жылғы күзде Ұлттық банк басшысы ауысқанда – үміт пайда болды,  іс жүзінде бәрі тоқтаған кезде. 2013 жылы біз жыл сайынғы Қазақстандық исламдық қаржыландыру конференциясын ұйымдастыра алмадық. Жаңа басшылық тарапынан біз жылдам әрекеттер күтпедік, бірақ жарты жылдың ішінде біздің индустрия жайлы барабар түсініктер ашық көріне бастағаны түсінікті болды. Бұған жаңа жетекшінің Өңірлік қаржы орталығы тұжырымдамасын реформалау мен іске қосумен белсенді түрде айналыса бастауы дәлел бола алады. Орталық банк ішінде қайта құрылымдау болды, жаңа исламдық қаржыландыру және өңірлің қаржы орталығын дамыту департаменті құрылды. Оған бұл бағытты дамытуға жас амбициялы басшылық келді.  Олар бірден іске көшті, саланы  жүйелі алға жылжыту бойынша  нақты  қадамдары байқалуда. Нақты мысалдар келтірейін: бір жылдан аса уақыт бойы біз бұрынғы басшылықпен Ұлттық банк үшін  Қазақстанда салалық заңнаманы жетілдіруде Ислам даму банкінің техникалық көмек бойынша гранты келісімі шарттарымен келісе алмадық.  Ислам даму банкі рәсімдері бойынша мұндай ресурсарға қатысушы-елдер арасындағы ерекше сұранысқа байланысты техникалық көмек грантына  бір жылдан астам  келісуіне рұқсат етілмейді. Ислам даму банкі Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде маған бұл жоба бір апта ішінде күшін жояды деп хабарланған жағдай болды.  Бірақ, Ұлтық банк басшысының тікелей араласуымен бұл жағдай өзгерді. Биыл шілде айының басында Қайрат Келімбетов Ислам даму банкі топтарының бас кеңсесіне сапары аясында (Сауд Арабиясы Корольдігі, Джидда  қаласы) Техникалық көмек гранты және Ұлттық банк пен Ислам даму банкі арасындағы мамандар дайындау мен тренинг бойынша ынтымақтастық туралы екі маңызды келісімшартқа қол қойды. -  Al-Hilal неге бөлшек бизнеске  бейімделмейді? Al-Hillal    өз отанында (БАӘ) басымдығең алдымен бөлшек Банк.  Егер сіз Абу Дабиге барсаңыз, көптеген жерден Al-Hilal логотиві бейнеленген қызғылт сары банкоматтарды, кассаларды және тағы басқаларды көресіз. Бірақ ол Қазақстанға тек ірі корпоративті клиенттермен жұмыс жасағанды артық көретін корпоративтік банк ретінде кірді. Олардың клиенттерінің саны көп емес (негізінен ұлттық компаниялар) және олар бөлшек бизнестің тәуекелін өзіне алғысы келмейді. Активтері белгілі дәрежеде өсуде, бірақ онымен мақтанарлықтай қарқында емес.  Мәселелі кредиттері  мүлде жоқ. Жергілікті банк жетекшісі бұрынғы тәуекел менеджері, консерватизм күші жағынан оған батыл тәуекелді шешім қабылдау қиын. Әрине, біз бәріміз бұл банктен бірінші ислам банкі ретінде батыл әрекеттер күттік. Екі жыл бұрын олар бөлшек қызметке сұранысты  анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Нәтижесі жағымды болды - қызметке ұсыныс шынында да үлкен болды. Мен Al-Hilal 2013 жылдың ішінде бөлшек клиенттермен жұмысты бастайтынына барынша сенімді болдым, бірақ өкінішке қарай банк бөлшек сегменттен толықтай бас тартты және аз санды клиенттермен абсолютті консервативтік бағытты таңдады Бұл акционерлер шешіміне сай олардың стратегиясы. Біз оған ешқандай әсер ете алмаймыз. Заман-банкке қатысты айтсақ, біз Ұлттық банк төрағасы Қазақстанда биылғы жылдың аяғына дейін бірінші бөлшектік исламдық банкін құру идеясын қолдағанына қуаныштымыз. Бізді сондай-ақ, біздің индустрияның ребрендинг мәселесі бойынша реттеуші тарапының жағымды  реакциясы да қуантады. - Ребрендинг нені білдіреді? Қысқаша, бұл саланың атауын исламдық қаржыландырудың баламалы, орнықты, этикалық қаржыландыруға ауыстыру. Бірмезгілде оның  мазмұнын ережелер жинағын қатаң сақтау арқылы нығайту және әмбебаптандыру,  тек ислам тәртібінен ғана шыққан емес, Бір құдайға (соның ішінде иудаизм және христандық) деген Сенім және қаншама бірыңғай жорамалдар  мен  жалпыадамзаттық рухани құндылықтардан. Бұл тағы бір заманауи мәселенің шешімі болып табылатын - біздің индустрияның дамуын тежеп тұрған «ислам» сөзінен ділін тартып алатын тоғышарлық.   Соңғы бірнеше жылда әлемде діни бөлшектену және ислам дүниетанымын идеологияландыруға  байланысты  «араб көктемі», лаңкестік оқиғалардың жиілеуі  т.с.с көптеген жағымсыз жағдайлар болды. Әрине,  азаматтық қоғамның бөлігінде «ислам» сөзі көптеген әртүрлі барабар емес байланыстар тудырады. Сол себепті  «исламдық қаржыландыру» түсінігі соңғы жылдары сәйкес білімнің жеткіліксіздігінен БАҚ-та және жұртшылық арасында көптеген сұрақтар тудыруда. Мен белсенді ретінде  осындай жалған түсініктермен жи кезігем.  Әлі  де кейбір мистификациялар қарапайым санада жаппай кездеседі.  Сондықтан да 2013 жылдың қазанында басталған исламдық қаржыландыру қызметінің  ғаламдық индустриясының қарлығашы шейх Салех Камелмен  ребрендинг үдерісінен бөлек, біз бұл тақырыпта білім беру мен кеңінен ақпараттық насихаттау мәселесімен айналысамыз. Алматыда 3-қыркүйекте өткен Төртінші қазақстандық салалық конференцияда таныстырылған біз дайындаған орыс және қазақ тілінде алғашқы ресми оқулық менің шешіміммен «Этикалық қаржыландыру (исламдық) негіздері» деп аталды. Сенімдімін, біз бәріміз ақырындап қаржылық қызметтің бұл тұрпатының шынайы қосымша құнын қалай алудың квинтэссенциясын жете түсінетін боламыз. Нақты секторды тікелей қаржыландыру ретінде. Нақты осы сектормен Қазақстанның және ғаламдық экономиканың болашағын байланыстыру керек.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.