Депутат зейнеткерлердің несиесін кешіруді ұсынды

сегодня

Қазақстанда зейнеткерлердің несиелік қарыздарын кешіру ұсынылды, деп хабарлайды LS.

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиевтің айтуынша, мемлекет қазақстандықтарға жинақтарын толыққанды пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.

"Зейнетақыны табыс көзі ретінде пайдалану дұрыс емес деп есептеймін. Қазір банктерде 32 мың теңге көлеміндегі зейнетақысын алған бойда, оны толықтай несие төлеуге жұмсауға мәжбүр қарт адамдар аз емес. Бұл өте өкінішті жағдай. Осыған байланысты қарызы бар зейнеткерлердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарын бұғаттан шығарып, оларға банкроттық рәсімін жеңілдету әрі банктердегі берешектерін кешіру қажет деп санаймын", - деді депутат.

Бұдан бөлек, ол "Қазпоштаның" бұл жүйеден шеттетілгеніне назар аударды.

"Әлеуметтік қорғалған шоттарды ашу мүмкіндігі небәрі үш банкке ғана берілген, алайда олардың бөлімшелері мен банкоматтары барлық өңірде қолжетімді емес. Ал "Қазпоштаның" бөлімшелері бүкіл ел аумағында жұмыс істейді. Сонда неге ол бұл қызметті көрсететін мекемелер тізіміне енгізілмеген?" - деп таңданысын білдірді Балабиев.

Сонымен қатар, көптеген микроқаржылық ұйымдар айыппұлдар мен өсімпұлдар қосып, айына 30 мың теңге төлеуге шамасы келмейтін азаматтардың қарызын одан әрі көбейтіп жатқанын айтты.

"Тұрақты табысы жоқ адамдар үшін уақытша қаржылық көмек ауыр қарызға айналып кетуі мүмкін. Алайда бұл олардың ақшаны дұрыс жұмсамайтынын білдірмейді. Өкініштісі, халық несие алуға мәжбүр", - деп түйіндеді мәжілісмен.

Бұған дейін, Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтардың зейнетақы қаражатын пайдалану жоспары туралы айтқан болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.