Қазақстанның зейнетақы нарығында қандай өзгерістер күтіледі

19 декабря 2022 года

Қазақстанда 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде LS-тің ресми сұрауына жауап ретінде 2023 жылдан бастап Қазақстанның зейнетақы нарығында бірнеше өзгерістер күтілетінін хабарлады.

Біріншіден, келесі жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы бес жыл ішінде 61-жаста тұрақтап қалады. Екіншіден, ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің (36 018 теңге) 54%-дан 70%-ға дейін, ал ең жоғары-тиісінше 100%-дан 120%-ға дейін ұлғаяды. Бұл процесс 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Осылайша, еңбек министрлігі базалық зейнетақының орташа мөлшерін шамамен 13%-ға (жыл сайын) немесе бүкіл кезең ішінде 51%-ға арттыруға ниетті.

Сондай- ақ, ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс – 46-дан 55 АЕК-ке дейін көтерілетiн болады.

"Бұл жүйеге жаңадан кірген зейнеткерлерге де, қазіргілерге де қатысты. Ұсынылған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті министрлікте.

Осы түзетулер сенат ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында мақұлдаған мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді. Қазіргі уақытта құжат мемлекет басшысының қарауына жолданды.

Сонымен қатар, еңбек министрлігінде әлеуметтік кодекс жобасындағы басқа да түзетулер әзірлеу туралы айтылды. Олардың ішінде зейнетақы жинақтарын жеке қаржы компанияларын басқаруға аудару және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) тиімді инвестициялық стратегиясын құру бар.

Бұған дейін, мәжілісмендер БЖЗҚ жұмысын сынға алған болатын. Олардың пікірінше, елімізде азаматтарымыздың зейнетақы жинақтарының деңгейіне қатысты проблемалар бар. Сонымен бірге олар қазақстандықтарға бұл қаражатты коммуналдық қызметтер мен несиелерді өтеуге жұмсауға рұқсат беруді ұсынады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.