2021 жылдың мамыр айында Қазақстаннан 73 млрд астам теңге ақша жіберілді, деп хабарлайды LS.
Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, өткен айда 182 мыңға жуық транзакция жасалған. Қазақстаннан ақша аударымдарының жалпы сомасы 73,07 млрд теңгені (+3,4%) құрады.
Мамыр айында алынған ақша көлемі бойынша бірінші орында Өзбекстан – 22 млрд теңгеден астам. Сонымен қатар Ресейге – 13,1 млрд теңге, Түркияға – 12,6 млрд теңге, Қырғызстанға –12,1 млрд теңге жіберілді. Одан әрі Армения – 3,2 млрд теңге, Қытай – 3 млрд теңге және Грузия –1,4 млрд теңге.
Ең аз аударылған қаражат Украинаға – 839,3 млн теңге.
Сонымен қатар, мамыр айында Қазақстанға шетелден 21 млрд теңгеге (+2,5%) 91,8 мың транзакция өтті. Мұнда ақшаның басым бөлігі Ресейден келді – 5,1 млрд теңге. Оңтүстік Корея екінші орында – 3,3 млрд теңгеден астам. Үшінші орынды АҚШ алды, оның 2,8 млрд теңгесі аударылды. Ең аз қаражат БАӘ-ден келді – 247,5 млн теңге және Израиль – 217,7 млн теңге.
Сонымен қатар, Қазақстан ішінде 5 млрд теңгеге жуық 55 мың транзакция жасалды.