Қазақстандық зейнеткерлер орта есеппен 100 мың теңге алады

Жыл басынан зейнетақы төлеуге 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалған

16 июня 2021 года

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңгеден асты, деп хабарлайды LS.

Еңбек министрлігінде 2021 жылдың бес айында базалық зейнетақыны төлеуге 342,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 774,8 млрд теңге (жалпы алғанда 1,1 трлн теңге) жіберілгенін хабарлады.

"Маусым айының басында зейнеткерлер саны 2,2 млн адамды құрады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескергенде) – 100 019 теңге"", – деп атап өтті еңбек министрлігінде.

Министiрлiкте сонымен қатар, егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жылды құраса, немесе ол болмаған жағдайда, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-на тең болады. Әрі қарай, 10 жылдан асатын әр жыл үшін оның мөлшері 2%- ға артаның атап өттi.

"Мысалы, 20 жыл қатысу өтілі кезінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жыл-ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94%-ын құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ы мөлшерінде белгіленеді. Міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық көлемде төленсе, зейнетақы жасына жеткен кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым жоғары болады", – деп түйіндеді еңбек министрлігінде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.