Қазақстандықтардың жалақысы 232 мың теңгеден асты

Өткен жылдың қазан айынан бастап деңгей артып келеді

15 июня 2021 года

Қазақстандықтар көп табыс таба бастады. Ұлттық статистика бюросында осылай есептеді, деп хабарлайды LS.

2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 232 347 теңгені құрады.

Өткен жылдың күзінен бастап деңгей өсуде. Қазан айында бұл көрсеткіш 209 818 теңгеге, қарашада – 211 033, желтоқсанда – 220 848, 2021 жылғы қаңтарда – 222 261, ақпанда – 223 213, наурызда – 224 715, сәуірде – 231 319 теңгеге жетті.

Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 2021 жылғы сәуірде 124 132 теңгені құрады, бұл 2020 жылғы сәуірге қарағанда 10,1%-ға жоғары. Ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде салыстырғанда 2,9%-ға өсті.

Сондай-ақ, бюрода 2021 жылдың І тоқсанында жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрағанын еске салды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9%-ға жетті.

"Жұмыспен қамту мекемелерiнде жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылдың мамыр айының соңында 222,7 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4%-ды құрады", – деп хабарлады бюрода.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.