Орташа жалақы 223 мың теңгеден асты – Ұлттық статистика бюросы

Алайда нақты ақшалай кіріс бір жылда 2,4%-ға азайды

16 марта 2021 года

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың жалақысы мен табысы туралы жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды LS.

Бюроның мәліметінше, 2021 жылдың ақпан айының қорытындысына сәйкес елдегі орташа номиналды жалақы 223 213 теңгені құрады.

Осылайша, көрсеткіш соңғы бірнеше айда өсіп келеді. Қазан айында 209 818 теңгеге, қарашада – 211 033 теңгеге, желтоқсанда – 220 848 теңгеге және 2021 жылдың қаңтар айында – 222 261 теңгеге жетті.

Жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстарға келетін болсақ, 2021 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша ол көрсеткіш 115 684 теңгеге жетті, бұл былтырғы жылға қарағанда 4,8%-ға жоғары.

Ал нақты ақшалай кірістер, бюроның деректері бойынша, көрсетілген кезеңде 2,4%-ға төмендеген.

Сондай-ақ, ведомствода 2020 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздар саны 453 мың адам болса, бұл жұмыс күшіне 4,9%-ды құрайтынын еске салды. Бірақ жұмыспен қамту мекемелерінде олардың барлығы бірдей есепке алынбаған.

"Жұмыспен қамту мекемелерінде жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылдың ақпан айының соңында 192 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,1%-ды құрады", - деп хабарлады бюро.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.