Қазақстандықтар БЖЗҚ-да ерікті жинақтарын мерзімінен бұрын ала алады

Мұндай жарналар жүйеде кемінде бес жыл болуы тиіс

25 мая 2021 года

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды LS.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында хабарлағандай, БЖЗҚ-на ерікті жарналарды есепке алу үшін шоттың ашылуына 2021 жылғы 1 мамырдан бастап БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы дербес төлемі негіз болды.

Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан ерікті жарналар есебінен төлем алу құқығы келесі тұлғаларға туындайды:

- 50 жасқа толғандарға;

- мүгедектердің;

- Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін;

- БЖЗҚ-да кемінде бес жыл болған, ерікті жарналар сомасы және оларға есептелген инвестициялық кіріс шегінде жинақтары бар жарналар.

"Соңғы тармақ бойынша шара 2021 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді. Осы жаңашылдыққа сәйкес, ерікті жарналар бойынша төлемдерді жүйеде кемінде бес жыл төлемі бар барлық тұлғалар ала алады. Осылайша, ерікті жарналар есебінен қаражат жинауды бастай отырып, мысалы, 20 немесе 30 жаста, тиісінше 25 немесе 35 жаста, өз алғашқы төлемдеріңізді ала бастауға болады", - деп түйіндеді БЖЗҚ-да.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.