Зейнеткерлер орта есеппен 100 мың теңге алады

Төрт ай ішінде базалық зейнетақыға бюджеттен 274 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

14 мая 2021 года

Қазақстанда 1 мамырдағы жағдай бойынша орташа зейнетақы 100 мың теңгені құрады, деп хабарлайды LS.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, бұл санға базалық зейнетақы төлемі де кіреді.

2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдерін төлеуге – 620,1 млрд теңге бөлінген.

"2021 жылдың сәуір айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,2 млрд теңге бағытталды, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68,4 млрд теңге, ортақ зейнетақыны төлеуге – 154,8 млрд теңге. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2,245 млн адамды құрайды", – деп атап өтті еңбек министрлігінде.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалған.

Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға ынтымақты жүйеде жинақталған еңбек өтілі, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер қосылады.

"Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жылды құраса, сонымен қатар, ол болмаған кезде базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ына тең болса, одан әрі 10 жылдан асатын әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілі кезінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жыл – 94%-ын құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жыл болған жағдайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде белгіленеді", – деп түсіндірді министрлікте.

Бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.

"Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық көлемде төленетін болса, зейнетақы жасына жеткен кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де соншалықты жоғары болады. Өз кезегінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде алты ай талап етіледі) және зейнетақы алдындағы кезеңде алынған орташа айлық кіріске байланысты есептеледі", – деп мәлімдеді еңбек министрлігінде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.