Қазақстанда тағы бір жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды LS.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушылар үшін Отбасы банкіне жеңілдікті ипотека бағдарламасын қарастыруды тапсырды.
"Мұндай азаматтар үшін бастапқы жарна 2%-дан 5%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен 10%-ды құрайды. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп бұл бастаманы жан-жақты пысықтағаны жөн", - деді мемлекет басшысы Екібастұздағы моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында.
Тоқаев мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында осы бөлім азаматтардың осындай санатына арналуы тиіс екенін айтты.
Бұған дейін LS Қазақстанда "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша шарттарды өзгерту ұсынылғаны жөнінде жазған болатын. Сондай-ақ, Отбасы банкінің ипотекалық бағдарламалары аясында кезекте тұрғандар үшін бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10%-ына дейін төмендетіледі. Айта кетейік, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспана сатып алатын кезекте тұрғандар туралы сөз болып отыр. Ведомствода қазіргі уақытта жарна 20%-ды, ал мөлшерлеме 5%-ға тең екенін түсіндірді.