Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Оның ішінде 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

22 октября 2021 года

Алдағы төрт жылда Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 1,95 трлн теңге жұмсалады. LS-ке мұндай болжам индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде айтылды.

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылы "Жайлы тұрғын үй" бағдарламасы іске қосылады. Оны іске асыруға 2025 жылға дейін қоса алғанда қаржыландырудың барлық көздерінен 1,95 трлн теңге бағытталады. Оның ішінде 2022 жылы – 514,2 млрд теңге, 2023 жылы – 232,9 млрд теңге, 2024 жылы – 335,7 млрд теңге, 2025 жылы – 383,7 млрд теңге жоспарланған.

Осының есебінен 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй үшін 237 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде ауылдық жерлерде 110 мың учаске және облыс орталықтары мен шағын қалаларда 125 мың учаске.

ИДМ болжауынша, 2022 жылдан бастап жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау көзделетін болады. Отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар 185 адам аталмыш қолдауға ие болады. Жоба үшін учаскелерді және жылжымайтын мүлік көлемінің 50% сатып алу немесе жалға алу бойынша кепілдендірілген "офтейк-келісімшарттарды" ұсыну арқылы жеке құрылыс салушылардың инвестициялары тартылатын болады.

Бұдан басқа, тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы әкімдіктердің әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жалғастырады. Нәтижесінде кезекте тұрғандар үшін 86 мыңнан астам пәтерлі болады.

Отбасы банкі арқылы халықты 2% және 5% жеңілдікпен кредиттеу жалғасады. Ол үшін 400 млрд теңге бөлінеді. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табысы бар 63 мың адам қолдауға ие болмақ.

Жалпы, кезекте тұрған 404 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкін болады.

Бұдан басқа, "ескі кварталдарды" реновациялау бағдарламалары қабылданады және тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтау жөніндегі шаралар іске асырылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.