Қазақстанның қай қалаларында баспана арзандады

сегодня

Қазақстанда пәтер жалдау ақысы тұрғын үй бағасына қарағанда жылдам өсіп жатыр, деп хабарлайды LS.

2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы 626,3 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға жоғары.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, жаңа пәтерлер Түркістанда ең көп қымбаттаған. Мұнда бір жылда баға 19,4%-ға өсіп, шаршы метрі 421,5 мың теңгеге жетті. Алматыда өсім 16,5% болып, бір шаршы метр 739,8 мың теңгеге бағаланды. Ал Ақтөбеде баға 13,5%-ға көтеріліп, 356,5 мың теңгені құрады.

Көкшетауда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 376,1 мың теңгеге жетіп, жылдық өсім 11,8% болды. Астанада баға 10,1%-ға көтеріліп, 745,9 мың теңгені құрады. Шымкентте өсім 5,7% болып, шаршы метрінің құны 544,6 мың теңгеге дейін өсті.

Жаңа пәтерлер барлық қалада қымбаттағанымен, Жезқазған мен Қызылордада баға айтарлықтай өзгермеген. Бір жылда өсім тиісінше 1% және 1,2% болды. Қыркүйекте бір шаршы метрдің құны Жезқазғанда 473,2 мың теңге, ал Қызылордада 392,3 мың теңгені құрады.

Қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы бір жылда ел бойынша орта есеппен 7,9%-ға қымбаттады. Қыркүйекте олардың бір шаршы метрі 638,5 мың теңгеге жетті.

Қайталама нарықтағы пәтерлер ең көп Көкшетауда қымбаттаған. Бір жылда баға 18,2%- ға өсіп, шаршы метрі 396,7 мың теңгеге жетті. Павлодарда өсім 11,1% болып, бір шаршы метр 473,7 мың теңгеден сатылды. Қостанайда баға 9,7%-ға көтеріліп, 443,6 мың теңгені құрады.

Астанада пәтерлердің құны 9,3%-ға өсіп, шаршы метрі 741,5 мың теңгеге жетті. Алматыда өсім 7,9% болып, баға 756,2 мың теңгені құрады. Ал Шымкентте пәтерлер 2,6%-ға қымбаттап, шаршы метрі 469,7 мың теңгеге сатылды.

Қайталама нарықтағы тұрғын үй тек Қонаев қаласында арзандаған. Мұнда баға бір жылда 0,5%-ға төмендеп, шаршы метрі 449,8 мың теңгені құрады. Ал Жезқазғанда баға бар болғаны 1,1%-ға өскен.

Ал тұрғын үйді жалдау ақысы ел бойынша бір жылда 16,7%-ға қымбаттады. Қыркүйекте жалдамалы баспананың бір шаршы метрі орта есеппен 5,5 мың теңгеге жетті.

Тұрғын үйді жалдау ақысы ең көп Павлодарда өсті – 41,7%-ға. Мұнда бір шаршы метрді жалдау құны 4,1 мың теңгеге жетті. Петропавлда жалдау ақысы 37,4%-ға өсіп, шаршы метрі 5 мың теңгені құрады. Ал Астанада баға 21,4%-ға көтеріліп, бір шаршы метрді жалдау құны 6,4 мың теңгеге жетті.

Өскеменде пәтер жалдау ақысы бір жылда 19,5%-ға, Алматыда 17,3%-ға, Шымкентте 12,8%-ға өсті. Қыркүйекте бір шаршы метрді жалдау құны Алматыда 6,4 мың теңге, Шымкентте 4,7 мың теңге болды. Ал Оралда баға небәрі 6,3%-ға көтерілді. Жалпы, бір жылда Қазақстанның бірде – бір қаласында пәтер жалдау арзандамаған.

Бір айдағы өзгерістер 2026 жылғы қыркүйекте жаңа тұрғын үй бағасы ел бойынша орта есеппен 0,1%-ға өсті. Ең жоғары өсім Түркістанда тіркелді – 2,3%. Қарағандыда баға 1,9%-ға, Таразда 1,5%-ға қымбаттады.

Астанада жаңа пәтерлер 0,2%-ға арзандады. Алматыда баға өзгермесе, Шымкентте 0,5%-ға өсті. Қалған 12 қалада тұрғын үй құны сол деңгейде қалды.

Қыркүйекте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы ел бойынша орта есеппен 0,5%-ға өсті. Ең жоғары өсім Көкшетауда байқалды – 3,1%. Ақтөбеде баға 2,3%-ға, Өскеменде 1,9%-ға қымбаттады.

Ал кейбір қалаларда пәтерлер арзандады. Жезқазғанда баға 1,7%-ға, Түркістанда 1,4%-ға, Талдықорғанда 0,7%-ға төмендеді. Шымкент пен Петропавлда пәтерлерлің құны 0,6%-ға, Ақтау мен Қонаевта 0,3%-ға арзандаған.

Астанада қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы бір айда 0,2%-ға, Алматыда 0,9%-ға өсті.

Ал тұрғын үйді жалдау ақысының өсуі баяулады. Тамызда жалдау құны бір айда 4,2%-ға қымбаттаса, қыркүйекте бұл көрсеткіш 2,5%-ды құрады.

Бір айда пәтер жалдау ақысы ең көп Көкшетауда өсті – 5,2%. Астанада өсім 5,1%-ды құрады. Семейде жалдау құны 4,4%-ға, Қостанайда 4%-ға қымбаттады.

Шымкентте тұрғын үйді жалдау ақысы бір айда 2,9%-ға, Алматыда 2,1%-ға өсті. Ақтау, Қызылорда және Түркістанда баға өзгеріссіз қалды. Қыркүйекте Қазақстанның ешбір қаласында жалдау ақысы төмендеген жоқ.

Бұған дейін, LS редакциясы Қырғызстан мен Өзбекстанда тұрғын үй бағасы Қазақстанға қарағанда жоғары екенін жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.