Қазақстанда ипотекалық бағдарламаларға өзгерістер енгізілмек

Бірінші кезекте «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттарын қайта қарау ұсынылды

15 сентября 2021 года
    

Қазақстанда кейбір ипотекалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша шарттарды өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды LS.

Мәжілісмен Айгүл Нұркина "Бақытты отбасы" бағдарламасына бөлінетін соманы ұлғайтуды ұсынды.

"Қаржыландыру қысқартылды, бірақ қарыздар саны өзгерген жоқ. Алайда, егер қарапайым математикаға сенсек, шын мәнінде, бір қарызға шамамен 5,3 млн теңге салынады, бұрын бұл сома шамамен 10,6 млн теңге болатын. Бұл ақшаға қандай пәтер сатып алуға болады? "Бақытты отбасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз, сондай-ақ, қатысушылар тізіміне "жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санатын енгізу орынды деп санаймыз", - деп сұрады Нұркина.

Сондай-ақ, ол "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасы қарыз алушыларының кірістерін қарау кезінде мүгедектік бойынша жәрдемақыны ескеруді ұсынды.

Оның айтуынша, осы бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері 14,8 мың адам қатысуға өтінім берген, оның ішінде 13,5 мыңы қарыз алған, тиісінше 1,3 мыңы бас тартылған.

"Бас тартудың ең негізгі себептері қарызды өтеу үшін табыстың жеткіліксіздігі, зейнетақы аударымдарының болмауы болып табылады. Көбінесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың төлем қабілеттілігін растауда қиындықтар бар", - деп түсіндірді ол.

Мәжілісмен "Шаңырақ" мемлекеттік бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды, сондай-ақ, қарыз алушылардың кірістері бойынша талаптарды ұлғайту жағына өзгертуді ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы аз қамтылған отбасыларға арналған 2% жеңілдік мөлшерлемесімен және 10% бастапқы жарнасымен "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылды. Сондай ақ, жоба аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған "Шаңырақ" ("5-10-20") тұрғын үйін 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 5% жеңілдікті мөлшерлемемен сатып алуға болады.

Сізге қолданыстағы ипотекалық бағдарламалардың толық тізімін ұсынамыз.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.