Қазақстан әлемдегі ең терең ұңғымаға миллиардтаған теңге құймақ

Бірінші кезеңде жеке инвесторлар тартылмайды

6 сентября 2021 года

Қазақстан әлемдегі ең терең ұңғыманы бұрғылау жобасына 2,6 млрд теңге бағытталмақ. Бұл туралы LS-ке экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылы Қазақстан "Еуразия" жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті. Ұңғыманың тереңдігі 15 км құрайды.

Жобаның өзі үш кезеңге бөлінген.

Бірінші кезең шеңберінде неғұрлым егжей-тегжейлі жұмыстар қою үшін мұнай-газ жинақтаудың басым аймақтарын айқындау мақсатында қазіргі заманғы технологиялар бойынша архивтік геологиялық материалдар қайта пысықталып, цифрландырылатын болады. 2021-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттен 2,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл кезеңде жеке компаниялардың қатысуы қарастырылмаған.

Екінші және үшінші кезеңдер алты-жеті жыл ішінде жеке инвестициялар есебінен іске асырылатын болады. Қаржыландырудың қажетті көлемі Каспий маңы ойпатының мұнай-газ әлеуеті туралы геологиялық-геофизикалық ақпаратты талдағаннан кейін айқындалатын болады.

Экология министрлігінің болжауынша, ұңғыма геологиялық қиманы зерттеуге және көмірсутектерді іздеуге қатысты Каспий маңы ойпатының ресурстық әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

Анықтама

Қазіргі уақытта Ресейдегі Кола құдығы – әлемдегі ең терең ұңғыма болып табылады. Оның диаметрі 23 см және ұзындығы 12,3 км.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.