Мамандар тапшы: кімдердің жалақысы өсуі мүмкін

сегодня

Қазақстанда электрик, технолог, аспаз сияқты жұмысшы мамандар тапшы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі LS-ке кадр тапшылығына қатысты болжам мен негізгі тәуекелдерді түсіндірді.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда жұмысшы мамандарға деген сұраныс жоғары деңгейде қалып отыр. Электрондық еңбек биржасының деректеріне сәйкес, елде жарияланған 123,2 мың бос жұмыс орнының 63,1 мыңы жұмысшы мамандықтарға арналған.

"Бүгінде Қазақстанда мәселе жұмыс орындарының жетіспеуінде емес. Негізгі мәселе – білікті мамандардың тапшылығы және сапалы, өнімді жұмыс орындарының жеткіліксіздігі", – деп түсіндірді ведомство.

Болжам бойынша, 2035 жылға дейін Қазақстанға 2,9 млн маман қажет болады. Оның 1,8 млн-ны – жұмысшы мамандар.

"Қазіргі таңда мамандарға деген сұраныстың жартысынан астамы техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларға тиесілі",– деп атап өтті еңбек министрлігінде.

Қандай мамандар жетіспейді?

Білікті мамандар әсіресе құрылыс, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, тау-кен, энергетика және өңдеу өнеркәсібі салаларында тапшы.

Мамандықтар арасында дәнекерлеуші, электрик, құрылысшы, механизатор, жүргізуші, жабдықтарды жөндеу маманы, технолог және аспаздарға сұраныс жоғары.

Министрліктің мәліметінше, техникалық және жұмысшы мамандықтарға сұраныс тұрақты түрде сақталып отыр.

Кадрларға сұраныс мына салаларда жоғары:
- құрылыс саласында – шамамен 8,9 мың маман;
- өңдеу өнеркәсібінде – 15,1 мыңға жуық адам;
- көлік және логистикада – 9,7 мың қызметкер;
- ауыл шаруашылығында – шамамен 2,6 мың білікті жұмысшы қажет.

Кадр тапшылығы немен байланысты?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, кадр тапшылығының басты себептерінің бірі – экономиканың өзгеруі. Жаңа өндірістердің ашылуы, технологиялардың жаңаруы және құрылыс көлемінің өсуі білікті мамандарға сұранысты арттырып отыр.

Сонымен қатар мамандарға қойылатын талаптардың өзгеруі де әсер етіп отыр. Цифрландыру, автоматтандыру және роботтандырудың дамуы жаңа мамандықтар мен дағдыларға деген сұранысты арттыруда.

Өңірлерде мамандардың жетіспеушілігі әртүрлі деңгейде байқалады.

"Бос жұмыс орындары мен мамандар өңірлер бойынша бірдей бөлінбеген. Сондықтан кәсіпорындарға қажетті кадрларды тез табу қиын", – деп хабарлады министрлікте.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.