Қазақстанда әлемдегі ең терең ұңғыманың жұмысы қайта жанданды

Ұңғыма тереңдігі 15 км болады

20 августа 2021 года

Қазақстанда әлемдегі ең терең ұңғыманы бұрғылау жұмыстары басталды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды LS.

ОКҚ брифингі барысында ол Каспий маңы ойпатының терең құрылысын зерттеу үшін "Еуразия" жобасы бойынша жұмыс қайта басталғанын жеткiзді. Ұңғыма тереңдігі 15 км болады.

Жоба үш кезеңге бөлінген. Алғашқысы шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен қазіргі заманғы технология бойынша геологиялық-геофизикалық материалдарды жинау, қайта өңдеу және қайта түсіндіру жүзеге асырылады.

Екінші және үшінші кезеңдерді іске асыру жеке инвестициялар есебінен жоспарланып отыр. 8 мың тоннадан астам көлемде өңірлік 2D-сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, 100 мың шаршы шақырымға дейінгі перспективалы учаскелерде далалық геофизикалық жұмыстар (гравиметрия, магниттік барлау, электрбарлау радиометриясы) жәнеерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ), 15 км тереңдікке дейін аса терең ұңғыманы бұрғылау жүргізілетін болады.

"Бұл геологиялық қиманы зерттеуге және көмірсутектерді іздеуге қатысты Каспий маңы ойпатының ресурстық әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді Брекешев.

LS 2017 жылы жоба $500 млн, ал көмірсутек қоры 40-60 млрд тонна мұнай баламасына бағаланғанын хабарлады. 2020 жылы іске асырудың болжамды мерзімдері 2021-2025 жылдары делiнген болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.