Атырау облысының экономикасы қандай жобалар есебінен өсті

10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

27 апреля 2021 года

Атырау облысында тәуелсіздік жылдары бес маңызды жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Ұсынылған деректерге сәйкес, бұл өндірістер мұнай-газ саласында, мұнай өңдеу, машина жасау және химия өнеркәсібінде ашылды. Жаңа 10,2 мың жұмыс орны құрылды.

"Тәуелсіздік жылдары облыста Теңгіз және Қашаған кен орындарын игеруге инвестициялар тартылды, мұнай өндеу зауыттарын қайта құрып, жаңғырту жүргізілді", - деп хабарлады әкімдікте.

Алайда әкімдікте, қазақстандық кен орындарына инвесторлар қанша қаражат салғанын айтылған жоқ. Атырау мұнай өндеу зауыттарына $1,6 млрд инвестиция салынды, зауыттың қуаттылығы жылына 4,8 мың тонна өңделген мұнайды құрайды. 2014 жылы машина жасау саласында 5,8 млрд теңгенің жобасы жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, әкімдікте тәуелсіздік жылдары іске қосылатын тағы бір маңызды жоба – 814 млрд теңгеге газ-химия кешені екені атап өтілдi. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2021 жылдың қазан айында, ал іске қосу – жөндеу жұмыстарын 2022 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Іске қосылғаннан кейін 586 адам жұмысқа орналастырылады. Айта кетейік, екі жыл ішінде зауыт цифрландырылады. Сонымен қатар, жұмыс орындарын қысқарту күтілмейтінi белгiлi болды.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысында мұнай-химия, АЭА дамуына, жолдардың сапасы мен сумен қамтамасыз етілуіне наразы екенін айтқан болатын. Ол өңірде экономиканың дамуы мұнай-газ химиясымен байланысты екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл сала облыстың және бүкіл елдің болашақ экономикасының негізі болып табылады. Бұған дейiн, LS облыста қазақстандық инвестициялармен 939 млн теңгеге жаңа жоба іске асырылып жатқанын, оны 2021 жылдың қыркүйегінде іске қосуды жоспарлап отырғанын жазған болатын. Өңірде сондай-ақ, есептеу құралдарының өндірісі жолға қойылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.