2025 жылға дейін Шымкент экономикасына триллион теңге салынады

Биылғы жылы 400 млрд теңге тарту жоспарлануда

14 апреля 2021 года

Бес жыл ішінде Шымкентке 4 трлн теңгеге жуық қаржы құйылуы мүмкін. LS редакциясы мегаполиске қандай салалар есебінен инвестиция тарту жоспарланғанын анықтап білді.

Шымкент экономикасына 3,7 трлн теңге инвестиция салу тарту 2021-2025 жылдары күтілуде. Бұл туралы LS-ке қалалық әкімдікте хабарлады.

Жаңа жобалар өнеркәсіп, сауда, білім беру, денсаулық сақтау, көлік, туризм, спорт, мәдениет, тұрғын үй құрылысы және ауыл шаруашылығы салаларында іске асырылатын болады.

Атап айтқанда, 2021 жылы қалаға қаржы сомасы 400 млрд теңгені, 2022 жылы 538 млрд теңгені құрауы мүмкін. Әкімдіктің болжамы бойынша, 2023 жылы қалаға 717 млрд теңге, 2024 жылы – 906 млрд теңге, 2025 жылы – 1,15 трлн теңге құйылмақ.

Шымкентте бес жыл ішінде жалпы құны 13,3 млрд теңге болатын 10 жылыжай кешені ашылады. Бүгінде қазақстандық инвесторлар 10 агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда. Олардың іске қосылуы есебінен 380 жұмыс орны ашылады.

Бұған дейін, LS Шымкентте агроиндустриалды аймақта жылыжайлар салына бастағанын жазған болатын. Мәселен, бірінші кезеңде 2020-2021 жылдары 30 га алаңда өнеркәсіптік жылыжай кешені салынса, 2022-2025 жылдары жобаның екінші кезеңін 60 гектарға іске асыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 21 млрд теңгені құрайды. Барлық жылыжайлар іске қосылғаннан кейін 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны пайда болады.

Естеріңізге сала кетейік, LS Шымкентте агроиндустриалды аймақтың құрылуы қандай сатыда екендігі, сондай-ақ оның аумағында қандай жобалар іске қосылатыны туралы жазған болатын. Атап айтқанда, 6,3 млрд теңгеге алты жылыжай салынады деп күтілуде. Аграрлық Шымкентті құру 1,5 млрд теңгені құрайды. Инфрақұрылым құрылысын бастау осы жылға жоспарланған болатын. Мемлекеттік құрылымның болжамдарына сәйкес, аймақ аумағында жылына 500 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі қайта өңделетін болады. Дайын өнімді тек ішкі нарықта ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де сату жоспарда бар.

Тәуелсіздік жылдары Шымкентте 660,3 млрд теңгенің топ-5 жобасы іске қосылған еді. Жаңа нысандар құрылыс индустриясында, машина жасауда, мұнай химиясында, жеңіл өнеркәсіпте іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 1,8 мың адам жұмыс істейді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.