Қазақстанға жемқорлар 2021 жылдың төрт айында 4,8 млрд теңгеге залал келтіген, деп хабарлайды LS.
Құқықтық статистика деректеріне сәйкес, қаңтар-сәуір айларында 1,3 мыңға жуық сыбайлас жемқорлық қылмыс өндірісте болған.
Тергеу аяқталған істер бойынша белгіленген шығын көлемі 4,8 млрд теңгені құрады.
3,7 млрд теңге тәркіленіп, өз еркімен өтелді.
Ең үлкен зиян ауыр қылмыстарға түсті – 4,4 млрд теңге. Ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық істерінен келген шығын сомасы 377 млн теңге құрайды. Аса ауыр қылмыстар 30 млн теңге шығын әкелсе, барлығы тоғыз іс қаралды.
Сонымен қатар, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған адамдар 3,7 млрд теңге залал келтірді. 408,7 млн теңгеге бөтен мүлік берілді және/немесе жұмсалды. Ал алаяқтар тарапынан 80,3 млн теңгеге зиян келтірілген.