Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы өзгеруі мүмкін

15 июля 2024 года

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Кәдеге жарату алымына қатысты петицияны жария талқылау барысында қатысушылардан автокөлік сатып алу бойынша азаматтарды қолдаудың қандай шараларын қабылдау жоспарланғаны сұралды.

Осы орайда Сүйінбаев Қазақстанда 4% жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы жұмыс істейтінін, онда револьверлік негізде ай сайын 200-250 адам авто сатып алатынын айтты.

"Сенаторлар көп балалы, мүгедек адамдар үшін жеке санат немесе кезек жасау керектігін алға тартты. Біз қарастырып өзгертулер енгіземіз дедік. Әлеуметтік осал топтар үшін біз артықшылықтар қоямыз. Олар автокөліктерді әрі қарай ала бере алады. Барлығы қаражатқа кеп тіреледі. Мүмкін мұғалімдерге, инженерлерге, дәрігерлере де жағдай қарастырамыз. Егер ұсыныстар болса, дайынбыз", - деп түйіндеді ол.

Қолданыстағы жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының шарттарын еске саламыз: 

  • пайыздық мөлшерлеме – 4%;
  • несиелеу мерзімі – жеті жылдан аспайды;
  • үкімет қаулысы шеңберінде бастапқы жарна көзделмеген, алайда банктер 10% бастап белгілейді;
  • автокөліктің ең жоғары құны – 15 млн теңге.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.