Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері анықталды

Орташа номиналды айлық 150 мың теңгеден асады

11 июля 2018 года

Қазақстанда ең танымал төрт саланың қызметкерлері айына 150 мың теңге еңбек ақы алады, деп хабарлайды LS.

Жоғарыда көрсетілген жалақы мөлшері өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін 620 мыңнан астам адамға тиесілі.

Статистика комитетітің деректеріне сәйкес, 2018 жылдың І тоқсанында орташа номиналды жалақы мөлшері 152,4 мың теңгеден асты. Білім беру саласының өкілдері 100 мың теңгеден аз алса, жоғарғы оқу орны (142,26 мың теңге) мен қосымша білім беру (131,38 мың теңге) орындарының қызметкерлері одан көп алады.

Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің айлығы да орташа номиналды жалақы мөлшеріне жетпейді.

Сонымен қатар, ең жоғары еңбек ақысы жүк тасымалы саласына тиесілі. Теңіз және жағалаудағы жүк көліктерінің қызметкерлері орта есеппен 705,12 мың теңге алады.

Қазақстан агроөнеркәсіп саласын дамытуды жоспарлап отырғанда, ауыл шаруашылығы өте аз төленетін сала болып анықталды. Ал, ең төменгі жалақы мөлшерін балықшылар алады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.