Қызылорда облысында жаңа мұнай кен орны іздестірілуде

16 февраля 2023 года

Қызылорда облысында мұнай өндіру айтарлықтай азайып келеді. Өңір әкімдігі LS-ке шикізат өндірісінің төмендеуіне ықпал етететін геологиялық барлау жұмыстары туралы айтып берді.

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында Ұлттық статистика бюросының деректерін келдтірді, оған сәйкес егер 2020 жылы өңірде 4,6 млн тонна мұнай өндірілсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 6,5%-ға 4,3 млн тоннаға дейін төмендеген. 2022 жылы қара алтын өндірісі 4 млн тоннаны құрады (-7% өткен жылмен салыстырғанда). Ағымдағы жылы мұнай өндіруші компаниялар 3,5 млн тоннаны болжап отыр, бұл 2022 жылғы деңгейден 12,5%-ға және 2020 жылмен салыстырғанда 23,9%-ға аз.

Энергетика министрлігі бұл үрдісті кен орындарының көпшілігі игерудің кеш сатысында екендігімен түсіндірді.

Айта кетейік, Қызылорда облысында жаңа мұнай іздеу үшін геологиялық барлау жұмыстары басталып кетті. Оның ішінде Шу-Сарысу, Сырдария және Арал бассейндерінде республикалық бюджет қаражаты есебінен зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Арал бассейнінде (Батыс және Шығыс учаскелері) 2022 жылы геологиялық-геофизикалық зерттеулер 2024 жылға дейін жалғасады. Қаржыландыру көлемі 6,3 млрд теңге.

Шу-Сарысу бассейнінде геологиялық барлау 2020-2022 жылдары өтті. Оның құны 2,2 млрд теңгені құрады.

Сырдария бассейнін зерттеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі шешілген жоқ. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес қаржыландырудың қажетті сомасы үш жылға 4,3 млрд теңгені құрады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.