Қызылорда облысында 33 млрд теңгеге үш өндіріс орны жүзеге асырылуда. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.
Біріншісі – 6,7 млрд теңгеге энергия үнемдейтін шыны шығаратын зауыт. Кәсіпорын ағымдағы жылы іске қосылады деп күтілуде. Жобаны қытайлық компания қаржыландырады. Зауытта жылына 5 млн шаршы метр өнім шығаруға ниетті. 20 адам жұмыспен қамтылмақ.
Екіншісі – айна шығаратын зауыт. Бұл жоба 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Нысанның қуаты жылына 720 мың шаршы метр өнімді құрауы тиіс. Ақпаратқа сәйкес, 55 жұмыс орны құрылады.
Үшіншісі – 24,7 млрд теңгеге шыны ыдыстар шығаратын зауыт. Кәсіпорында жылына 1 млн дана өнім шығарылмақ. Зауытта жаңа 120 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Әкімдікте соңғы екі жобаны іске асыру мерзімі жарияланған жоқ. Алайда, жоғарыда аталған үш нысанның барлығы шыны зауытының айналасындағы серіктес кәсіпорындар болатыны белгілі. Жалпы құны 32,9 млрд теңге.
Жалпы, шыны зауытының айналасында сегіз ілеспе жобаны іске асыру жоспарлануда. Инвестициялардың жалпы көлемі-шамамен 100 млрд теңге.