Тоқаев АЭС құру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

Сондай-ақ, елде сутегі энергиясы пайдаланылуы мүмкін

1 сентября 2021 года

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды LS.

Қазақстан халқына Жолдау барысында президент елімізде энергетикаға сұраныс артып келе жатқанын түсіндірді.

"Көмір дәуірі біртіндеп бәсеңдеді, сондықтан жаңартылатын энергетикадан басқа, сенімді көздер туралы ойлану керек. 2030 жылға қарай электр энергетикасының тапшылығы болжанып отыр. Ал сапалы өсу үшін энергия қажет", - деп болжады Тоқаев.

Оның айтуынша, әлемде бейбіт атом осы мәселелерді шешу үшін қолданылады.

"Сұрақ өте маңызды. Оның шешіміне мүмкіндігінше ұтымды қарау керек. Үкімет пен "Самұрық-Қазына" бірлесе отырып қауіпсіз әрі экологиялық атом энергетикасы мәселесін зерделеуі тиіс", -деп түсіндірді Тоқаев.

Ол бұл мәселені инженерлік істі дамыту және білікті атом инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру тұрғысынан қарастыру қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, президент сутегі энергетикасын пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы сөз барысында Алматы мен Алматы облысының инженерлік проблемаларына да тоқталды.

Ол үкіметке және "Самұрық-Қазынағ" ЖЭО-2-де бу-газ қондырғысын салу, ЖЭО-3 жаңғырту және ЖЭО-1 кеңейту, оңтүстікте 1 мың МВт жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу, Алматы мен облыста кабельдік желілерді реконструкциялау мәселелерімен айналысуды тапсырды. Тоқаевтың айтуынша, жобаға салынған инвестиция 1 трлн теңгеден асады.

"Инвесторлармен бірлесіп шамамен 2,4 мың МВт жаңартылатын энергетиканы іске қосамыз", - деп қосты президент.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Казахстану нужно продолжать делать ставку на нефть – эксперт
сегодня
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
1 ноября 2025 года
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.