Түркістан облысындағы жобалар үшін триллиондар бөлінеді

Жыл басынан бері 164 млрд теңгенің өндірісі іске қосылды

8 октября 2021 года
    

Түркістан облысында жобаларға 2 трлн теңгеден астам инвестиция салынады. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Облыста 181 ұсыныстан тұратын инвестициялық жобалар пулы құрылды. Жалпы құны – 2,6 трлн теңге. Жаңа нысандар 2021-2025 жылдары іске қосылады деп күтілуде.

Аталып өткендей, биылғы жылы 259,4 млрд теңгенің 70 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Олардың іске қосылуы есебінен 3,4 мың адам жұмыспен қамтылады. Мысалы, 4,7 млрд теңгеге мақта жіптерін өндіруді жолға қоямыз. Кәсіпорында 100 адам жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ, 2 млрд теңгеге тазартылған май өндірісі пайда болады, онда 91 жұмыс орны құрылмақ.

Сонымен қатар, биыл баламалы энергетика саласында 48,5 млрд теңгеге төрт нысан іске қосылады. Күн электр станцияларын 2021 жылы Кентау, Отырар және Мақтаарал аудандарында іске қосу жоспарлануда. Ақпаратқа сәйкес, "жасыл" нысандардың құрылысына Ресей мен Италияның компаниялары инвестиция салады.

"Жыл басынан бері 70 жобаның 164 млрд теңге сомасына 22-сі іске қосылып, 1,4 мың жұмыс орны ашылды", – деп толықтырды әкімдікте.

Атап айтқанда, "Түркістан" индустриялық аймағында жол-құрылыс материалдарын шығаратын зауыт 1,1 млрд теңгеге іске қосылды. "Кентау" арнайы экономикалық аймағында 1,2 млрд теңгеге темір-бетон өнімдерінің өндірісі ашылды.

Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылы өңірде 120 млрд теңгеге 20 жобаны іске асыру жоспарланған. 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.