Түркістан облысында 158 млрд теңгеге қандай жобалар іске қосылды

Өңірде 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

21 апреля 2021 года

Түркістан облысында жалпы құны 158,3 млрд теңге болатын 11 маңызды өндіріс ашылды. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Ресми сауалға жауап ретінде өңірде отандық және шетелдік инвестициялармен 11 ірі жоба іске қосылғаны хабарланды. Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені және басқа да салаларда маңызды өндірістер ашылды. Мәселен, 2019-2021 жылдары жаңа өнеркәсіптік объектілерді құруға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 158,3 млрд теңгені құрады. 2,2 мың жұмыс орны құрылды.

Түркістанда өткен жылы 72,4 млрд теңгеге халықаралық әуежай ашылды. Оның құрылысына түрік компаниясы инвестиция салды.

Бұдан кейін 2020 жылы Созақ ауданында іске қосылған жасыл нысан бой көтерді. Ақпаратқа сәйкес, күн электр станциясының құрылысына Қытайдан келген инвестор 19 млрд теңге қаржы салған. Қуаттылығы – 50 МВт.

Үшінші маңызды жоба – Кентаудағы 50 МВт күн станциясының іске қосылуы. Бұл жобаның құны 16 млрд теңгені құрайды. Инвестор – Ресей елi. Баламалы энергия көзі 2021 жылдың ақпан айында іске қосылды.

Төртінші жобаны Қазақстан (68%) және Германия (32%) инвесторлары қаржыландырды. Мемлекеттік құрылымдардың мәліметтері бойынша, Сарыағаш ауданында 2019 жылы 13,3 млрд теңгеге күн электр станциясы іске қосылды. Қуаттылығы – 20 МВт.

7,6 млрд теңгеге тағы бір отандық станцияға отандық (60%) және француздық (40%) компаниялар қаржы құйды. Бұл қуаттылығы 14 МВт болатын жаңартылатын энергия көзі 2019 жылы Арыс қаласында іске қосылды.

Алтыншы орында поляк инвесторларымен жүзеге асқан агроөнеркәсіптік жоба. Сайрам ауданында 2020 жылы 11 га жерге жылыжай кешенінің бірінші кезеңі ашылды, оның құны 6,8 млрд теңгеге бағаланады. Жоба аясында 100 жаңа жұмыс орны құрылды. Айта кетейік, жобаның екінші кезеңін 10 га жерге жүзеге асыру жоспарланған.

2019 жылы Қазығұрт ауданында 5,7 млрд теңгеге азық-түлік өндірісі құрылды. Инвесторы Непалдық компания. Аймақ үшін сегізінші маңызды жоба ол 2020 жылы 5,7 млрд теңгеге қонақ үй кешенінің ашылуы болды. Нысан Түркістанда салынды.

Бұдан әрі Шардара ауданында 5,48 млрд теңгеге мақта өңдеу зауытының құрылысы. Ол 2019 жылы іске қосылды, 250 жаңа жұмыс орны құрылды. Ақпаратқа сәйкес, бұл жобаны іске асыруға қазақстандық (66%) және сингапурлық (34%) компаниялар инвестиция салған.

Ал Түркістанда өткен жылы қазақстандық инвестициямен 3,9 млрд теңгеге тағы бір қонақ үй кешені ашылды. Сонымен қатар, 2,5 млрд теңгеге қуаты 5 МВт күн электр станциясы 11 маңызды өндiрiстiң соңғысы. Инвесторы – Ресейлiк компания. Нысан Жетісай ауданында іске қосылды.

Айта кетейік, 2018 жылдың 28 маусымында Қазақстанда 17 өңір құрылды. Мәселен, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі бекітіліп, орталығы Түркістан қаласы болған Түркістан облысы құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік жылдары Шымкентте ең қымбат 5 жоба іске қосылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.