Шымкентте жаңа өндіріс кешендері бой көтереді

сегодня

Шымкентте жалпы құны 3 трлн теңгеден асатын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Олардың қатарында мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, жылыжай кешендерін салу, кремний өндіретін зауыт пен алкилат және полипропилен шығаратын кәсіпорын ашу жоспарланған, деп хабарлайды LS.

Қала әкімдігінің мәліметінше, барлық жоба 2030 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен іске асырылады. Оларды жүзеге асыруға 3 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталмақ. Соның нәтижесінде 8,7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Биыл Шымкентте құны 98 млрд теңгені құрайтын жылыжай кешенінің бірінші кезеңін іске қосу жоспарланған. Ал агроөнеркәсіптік жобаның екінші кезеңі 2030 жылы жүзеге асырылады. Бұл кезеңге 224,1 млрд теңге инвестиция салынбақ.

Келесі жылы қалада құны 24 млрд теңге болатын кремний өндіретін зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жоба аясында 300 жаңа жұмыс орны ашылады. 

Сондай-ақ, Шымкентте алкилат пен полипропилен өндіретін зауыт салу жоспарланған. Құны 80 млрд теңге болатын жоба 2028 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. 

Сонымен қатар 2028 жылы Шымкентте құны 68 млрд теңгені құрайтын жоғары технологиялық жылыжай кешені пайдалануға беріледі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.