Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуі сақталуда. LS сәуір айының қорытындысы бойынша олардың бiр жыл ішінде қалай өзгергенін анықтады.
Бір жыл ішінде елімізде еттің негізгі түрлері қымбаттады, ең көп қой еті – шамамен 19%-ға. Қияр, сәбіз, қант, күнбағыс майы, қарақұмық және сұлы жармасы, жұмыртқа және басқа да тауарлардың бағасы айтарлықтай өсті.
Кестеде 2021 жылғы сәуірдегі азық-түлік бағалары және 2020 жылдың ұқсас айымен салыстырғанда өзгеріс туралы толық ақпарат берілген.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов әлеуметтік маңызы бар өнімдерге (ӘМАТ) бағаның өсу мәселесіне түсініктеме берді. Оған антимонополиялы мекемелердiң араласуына байланысты кәсіпкерлер жүгінген.
"Әлеуметтік маңызы азық-түлiк өнімдерге бағаның өсуіне қарсы күресте бөлшек сауда желілеріне қатысты қатаң нақты шаралар қолданылады. Біз өткеннен сабақ алған жоқпыз деп айта аламыз. 80-жылдардың соңында бағаны реттеуге байланысты дүкен сөрелері бос болды, әлеуметтік-экономикалық күйреу байқалды. Бүгінде нарықтық экономиканың заманы, сондықтан бағаны нарықтың өзі реттеуі тиіс", - деп атап өтті омбудсмен.
Оның айтуынша, бағаның негізсіз өсуі азаматтардың табысын жейді, бірақ шамадан тыс реттеу кезінде ӘМАТ тапшылығы пайда болады.
"Бөлшек сауда ӘМАТ ассортиментінен бас тартады, өйткені бір жағынан оларды сату экономикалық тұрғыдан орынсыз болады, ал екінші жағынан, шекті бағадан асып кеткені үшін саудагерлер қатаң жазаланатын болады", – деп толықтырды Жүрсінов.
Оның пікірінше, бөлшек сауда желілеріне қатысты нақты шаралар олардың азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы үлесінің төмен болуына байланысты тиімсіз.
"Дамыған елдерде қазіргі заманғы форматтардың (сауда желілері) үлесі орта есеппен барлық бөлшек сауда нарығының 80%-ына жетеді, Ресейде бұл көрсеткіш 69%-ға, Беларусьте – 61%-ға, Франция мен Кореяда – 81%-ға, Австрияда – 86%- ға жетті. Қазақстанда бұл деңгей 31%-ға әрең жетеді. Демек, мемлекет өзінің шараларымен бақыланбайтын бөлшек сауда үшін бәсекеге қабілетсіз артықшылықтар береді, мұнда ӘМАТ-қа шекті бағаларды сақтау іс жүзінде мүмкін емес", - деп шағымданады Жүрсінов.
Ол супермаркеттер желісінің өзі ӘМАТ төмен бағаларға қызығушылық танытатынын және контрагенттермен негізсіз өсуге жол бермеу бойынша өз бетінше жұмыс жүргізетінін түсіндірді.
"Сондықтан баға мониторингінің пысықталған тетігін пайдалана отырып, олардың монополияға қарсы комплаенс құралдарын енгізу тәсілін әзірлеу маңызды. Мұндай мониторингтің қағидалар бойынша ынтымақтастық, сенім, заңдылық, ашықтық, кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл болуы тиіс. Монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісін келісе отырып, кәсіпкерлер монополияға қарсы мекемемен келісім жасап соның нәтижесiнде, тауар нарығында ойын ережелерін белгілейді", - деп пікір білдірді Жүрсінов.
Сондай-ақ, ол ӘМАТ бойынша белгілі бір үстемеақыны бекітуді ұсынды. Омбудсменнің пікірінше, бұл тасымалдау, сақтау және т. б. шығындарды жабуға мүмкіндік береді.