Қаржы министрлігінде заңсыз қызмет көрсетіп жүрген тұрғын үй жалдаушыларын анықтау басталады, деп хабарлайды LS.
"Біз әрдайым тұрғын үй секторын заңды айналымға шығаруға жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол мақсатта әртүрлі жеңілдетілген салық режимдері енгізілген, оның ішінде арнайы режим де бар – салық төлеушілер қазір тіпті тіркелмей-ақ жылына бір рет декларация тапсыру арқылы қызмет көрсете алады. Алайда мәселе тек салық салумен шектелмейді, бұл қылмыспен күреспен де байланысты. Өйткені есепке алынбаған жағдайда кейбір белгісіз тұлғалар тіркелмей пәтерлерде тұруы мүмкін",- деді мәжілісте қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
Одан кейін ол тексеруге кімдер ілігуі мүмкін екенін нақтылады.
"Біз камеральдық бақылау жүргізіп, деректерді салыстырамыз. Мысалы, егер бір адамның 10 пәтері бар, бірақ өзі тек бір мекенжайда тұратын болса, қалған тоғызын, ең болмағанда, жалға беріп отырған болуы мүмкін деп болжауға болады. Сондай-ақ, біз ОСИ және учаскелік полициямен тығыз байланыста болып, барлық ақпаратты қадағалаймыз",– деп түйіндеді Е. Біржанов.
Бұған дейін, Алматыда екінші нарықтағы тұрғын үй рекордтық деңгейде қымбаттағаны хабарланған.